О внесении изменения и дополнения в приложение N 1 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 1999 года N 82 "Об установлении тарифов Национального Банка Республики Казахстан за услуги по кассовому обслуживанию банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы Қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгiне жiберсiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және аумақтық филиалдарына жiберсiн.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөніндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыруды екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 381 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасына өзгерiс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассалық қызмет көрсету жөнiндегi тарифтерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 20 сәуiрдегi N 82 қаулысының N 1 қосымшасының ескертуiндегi: 1) "металл" деген сөз алынып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Ұлттық Банктiң филиалы құны 1, 3 және 5 теңгелiк банкноттарды қабылдағаны үшiн тарифтiк ақы алмайды."