О внесении изменения и дополнений N 1 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған
Басқа 0
N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Басқа 3. Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі
Тармақ 53
53. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 (тіркелген N 2806) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 1 өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына , тіркелген N 2647 мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" деген функционалдық тобында 9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясы мынадай мазмұндағы бағдарламамен 215 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
"215 Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
4 Азаматтардың жекелеген санатарына жол жүру төлемдерінің ұсынылған жеңілдіктері бойынша өткен жылдардың міндеттемелері";
263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органы" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" деген функционалдық топта 2 "Спорт және туризм" кіші функциясында 26 "Жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды өткізу" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 100 және 101 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"100 Жергілікті деңгейде спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу";
"101 Спорттық жарыстарда спорттың бірнеше түрлері бойынша құрама командаларды дайындау және қатысу";
13 "Үкіметтік борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 14 "Борышты өтеу" деген функционалдық топта 1 "Борышты өтеу" деген кіші функцияда 101 "Заемдарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлеу" деген кіші бағдарламада "Қолданылу мерзімінің аяқталуы" деген бағанда «01.01.2004» деген сандар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы