О внесении дополнений и изменений в Список N 1 производств, работ, профессий, должностей и показателей, дающих право на пенсию по возрасту на льготных условиях Күшін жойған
Басқа 0
Жасы бойынша жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы алуға құқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 және N 2 Тiзiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қаулы етедi:
Өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне берiлiп отырған толықтырулар мен өзгертулер онда жұмыс iстеуi жасы бойынша жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы алуға құқық беретiн жерасты жұмыстарына, ерекше зиянды және ерекше ауыр жағдайдағы жұмыстарға, сондай-ақ СССР Министрлер Кабинетiнiң 26.01.91 жылғы N 10 қаулысымен бекiтiлген жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз ету туралы N 1 Тiзiм бойынша азаматтық авиацияның жекелеген санаттарына енгiзiлсiн.
Қосымша: 3 парақ.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Еңбек министрiнiң орынбасары халықты әлеуметтiк қорғау
министрiнiң орынбасары
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң орынбасары
Басқа 1. СССР Министрлер Кабинетiнiң 26.01.91 жылғы N 10 қаулысымен бекiтiлген онда жұмыс iстеу жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беретiн жерасты жұмыстары ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларында өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне толықтырулар мен өзгертулер
Қазақстан Республикасы Еңбек
министрлiгi мен Қазақстан
Республикасы Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң
1993 жылғы 31 наурыздағы
N 24/2 қаулысына N 1 қосымша
СССР Министрлер Кабинетiнiң 26.01.91 жылғы N 10 қаулысымен бекiтiлген онда жұмыс iстеу жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беретiн жерасты жұмыстары ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларында өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне толықтырулар мен өзгертулер
Тармақ 1
1. "Көлiк" атты ХХI бөлiмнiң 3-шi бөлiмшесiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
"12003000 - 11217 Бортсерiктерi мен нұсқаушы-бортсерiктер жылына 500 сағаттан кем ұшпаған жағдайда".
Тармақ 2
2. Аппаратураларды тазалау мен айналысатын тазалаушыларға (2091160а - 19555) "Жалпы мамандықтар" атты ХХIII бөлiм бойынша резервуарлардың, бактердiң, цистерналардың, танктер мен кемелердiң бөлiктерiнiң iшiн, скафандрлармен және газдық қарсы құралдармен жұмыс iстеу кезiнде ұсақтау ағын камераларының iшiн тазалау мен айналысатын жұмысшы ретiнде (12100000 - 1753а) зейнетақы тағайындалады.
Тармақ 3
3. Мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
II бөлiмнiң I бөлiмшесiне: "Кен алуға дайындық, байыту, бұтақтау (кендердi және емес қазбаларды, агломерациялау, брикеттеу, шымшымдау) шифр 1020200а - 1753 г"
III бөлiмiнiң 1-4 бөлiмшесiне: "Металлургиялық өндiрiс (қара металдар)"
"Көкістiк, көкiстiк емес, термоастрациттiк және көкiстiк химиялық өндiрiс" IV бөлiмiнiң 1, 2 бөлiмшесiне;
"Металлургиялық өндiрiс (түстi металдар) VII бөлiмiнiң 2-6, 10-12, 14-17 бөлiмшелерiне."
Өндiрiс жұмыс iстеп тұрған учаскелерде (жұмыс орындарында) орнатылған құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысатын жөндеу қызметiнiң жұмысшылары технологиялық процестi жүргiзетiн негiзгi жұмысшылар секiлдi N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етiлу үшiн газбен кесушiлер құқын пайдаланады.
Басқа 5. N 1 Тiзiм бойынша азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етудi беру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек
министрлiгi мен Қазақстан
Республикасы халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң
1993 жылғы 31 наруыздағы
N 24/2 қаулысына N 2 қосымша
N 1 Тiзiм бойынша азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етудi беру туралы
"СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қаңтардағы N 10 қаулысымен бекiтiлген N 1 Тiзiмiне өзгертулер енгiзу туралы" СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 23 шiлдедегi N 497 қаулысымен N 1 Тiзiмiнiң "Көлiк" атты ХХI бөлiмi мынадай бөлiмшемен толықтырылды: 3. Азаматтық авиация "12003000 "Мейлiнше қауырт немесе қозғалысы күрделi 12003000-17541 аэропорттардың, аэродромдық-диспетчерлiк, аудандық, қосалқы орталықтарда және олардың секторларында, жергiлiктi диспетчерлiк пункттердiң аймағында әуе қозғалысын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын қызметкерлер (диспетчерлiк-нұсқаушылар, аға диспетчерлер, ұшулардың жетекшiлерi)"
Мұндай аймақтардың тiзбесiн СССР Еңбек және әлеуметтiк мәселелер министрлiгiнiң келiсуi бойынша СССР Азаматтық авиация министрлiгiне бекiту тапсырылды".
Аймақтардың аталмыш тiзбесi 1991 жылы 26 қыркүйекте бекiтiлдi (Қазақстан Республикасына қатысты бөлiгi берiлiп отыр).
Алайда одақтық құрылымдардың жойылуына байланысты және басқа да белгiлi себептермен орай аталған құжаттар бiздiң министрлiктерге жеткен жоқ.
"Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 1-бабының 3-бөлiгiнде одақтық заңмен белгiленген зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы барлық кепiлдiктердiң сақталуы қарастырылғандықтан, азаматтық авиация қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақы тағайындау кезiнде осы қаулыны және қосымшаны басшылыққа алуды ұсынамыз.
Бұрынғы СССР-дiң басқа мемлекеттерi бойынша аймақтардың тiзбесiне келер болсақ, олар азаматтық авиацияның жергiлiктi қызметтерiнде бар.
Басқа диспетчетрлер жеңiлдiктi зейнетақыны Зейнетақы туралы республикалық заңның 35 бабының 2-тармағының шартарында пайдаланады.
Қосымша: текст бойынша 1 бет.
Қазақ азаматтық авиация басқармасы бойынша, мейлiнше қауырт немесе қозғалысы күрделi әуе қозғалысын басқаратын аймақтардың, аудандар мен секторлардың тiзбесi:
Тармақ 1
1. Алматы РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦ1, РЦ2, РЦ3
Алматы аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП
Тармақ 2
2. Ақтөбе РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦ1, РЦ2, РЦ3
Ақтөбе аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДПI,
МДП2
Тармақ 3
3. Арқалық аэропорты - ВРЦ, ДПП, МДП
Тармақ 4
4. Бұрындай аэропорты - МДП
Тармақ 5
5. Балқаш аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП
Тармақ 6
6. Гурьев РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Гурьев аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДПI, МДП2
Тармақ 7
7. Жамбыл аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
Тармақ 8
8. Жезқазған РЦ ЕС УВД - РЦ
Жезқазған аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
Тармақ 9
9. Қарағанды аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
Тармақ 10
10. Көкшетау аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
Тармақ 11
11. Қостанай РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI,РЦ2
Қостанай аэропорты - ДПП, МДП
Тармақ 12
12. Қызылорда аэропорты - ДПП, МДП
Қызылорда РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI,РЦ2
Тармақ 13
13. Павлодар аэропорты - ВРЦ, ДПП, ДПК, ПДП, МДП
Тармақ 14
14. Петропавлск аэропорты - ВРЦ, ДПП, ПДП, МДП
Тармақ 15
15. Семей РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Семей аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
Тармақ 16
16. Талдықорған аэропорты - ДПП, ПДП, СДП, МДП
Тармақ 17
17. Орал РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Орал аэропорты - ДПП, ПДП, МДП
Тармақ 18
18. Өскемен аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, МДП
Тармақ 19
19. Целиноград РЦ ЕС УВД - секторлар: РЦI, РЦ2
Целиноград аэропорты - ДПП, ДПК, ПДП, СДП, МДП
Тармақ 20
20. Шымкент аэропорты - ДПП,ДПК,ПДП,СДП,МДП
Тармақ 21
21. Шевченко аэропорты - ВРЦ,ДПП,ДПК,ПДП,СДП,МДП
Тармақ 22
22. Аягөз аэропорты - ВРЦ,КДП,МВЛ
Тармақ 23
23. Арал аэропорты - ВРЦ,КДП,МВЛ,ВМДП
Тармақ 24. Жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне енгiзудiң Негiздемесi
24. Зайсан, Күршiм, Степногорск
Жаңаөзен аэропорты - КДП,МВЛ
Жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдар мен көрсеткiштердiң N 1 Тiзiмiне енгiзудiң Негiздемесi
Тармақ 1
1. Азаматтық авиация самолеттерiнiң бортсерiктерi, бортсерiктерiнiң нұсқаушылары.
---------------------------------------------------------------
АА МҒЗИ ұшу құрамының еңбек физиологиясын зерттеу лабораториясы бортсерiктерiнiң организмiне зиянды факторлардың тұтас бiр құрамы ықпал ететiн дәлелдеп отыр:
барометрикалық қысымының жылдам өзгеруi, осыған орай төмен гипоксиялық жай-күйi;
шудың жоғары деңгейi (ПДУ-дiң 4-тен 22д БА-ға дейiн көтерiлеуi);
ауаның төмен ылғалдылығы (10 проц. дейiн);
зиянды химиялық заттардың жиынтық шоғыры нормадан асып кетедi;
қолайсыз температуралық режим;
биологиялық фактор (ауаның бактериялық тұқымдануы);
еңбек пен демалыстың тиiмсiз режимi (демалыс күндерiндегi жұмыс, ерте ұшулар, кеш ұшулар, жұмыстың үнемi өзгерiп тұратын кестесi) және т.б.
Бортсерiктерi еңбегiнiң ерекшелiктерi мен сипатын ескере отырып, оларға N 1 Тiзiмiн жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық беру мүмкiн деп санаймыз.
Зейнетке шығатын жыл сайынғы орташа адам саны 46, шамамен жыл сайын зейнетақы төлеу шығындары 6 млн. сомды құрайды.
Тармақ 2
2. Газбен кесушiлер
-----------------
СССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 9 тамыздағы қаулысымен бекiтiлген N 1 Тiзiмiне толықтыруларда газбен кесушi мамандығы еңбегi қалған, оның жұмысының құрамы мен сипаты газбен дәнекерлеушiлерге сай келсе де олар осы толықтыруларда еске алынған.
Газбен кесушi мамандығын "Кен өндiруге әзiрлiк, байыту, шымшымдау" атты II бөлiмiнiң I бөлiмшесiне "металлургиялық өндiрiс (қара металлдар)" атты III бөлiмiнiң 1-4 бөлiмшелерiне "Кокстiк, кокстiк емес, термоантрациттi және кокстiк - химиялық өндiрiс" атты IV бөлiмiнiң 1, 2 бөлiмшелерiне", "Металлургиялық өндiрiс (түстi металлдар)," атты VII бөлiмiнiң 2-6, 10-12, 14-17 бөлiмшелерiне N 1 Тiзiм бойынша жеңiлдiктi зейнетақы алу құқын пайдаланатын технологиялық процестi жүргiзушi негiзгi жұмысшылар секiлдi жұмыс iстеп тұрған өндiрiс учаскелерiнде орнатылған құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысатын жөндеу қызметi жұмысшыларының орташа жылдық зейнетке шығуы 50 адамды, зейнетақы қорынан шығындары жыл сайын 7 млн. сомды құрайды.
Тармақ 3
3. Аппаратураларды тазалаумен айналысатын
тазалаушылар (шифр 2091100а-19555)
-----------------------------------------------------
Павлодар алюминий заводының бақ аппаратураларын тазалаушылардың жұмыс орындарын аттестациялау материалдарын және Сверховск еңбек гигиенасы институтының тазалаушылар еңбегiнiң ауырлығы мен қауырттығы жөнiндегi физиологиялық бағасын зерттей келе, олар бақ аппаратуралары тазалаушылары жұмысының айрықша зиянды және ауыр екендiгiн дәлелдейдi, оларға резервуарлардың, бактердiң, цистерналардың, бөлiктердiң... (шифры 12100000-1753а) iшiн тазалаумен айналысатын жұмысшылар ретiнде N 1 Тiзiммен жасы бойынша жеңiлдiктi зейнетақы тағайындауға болады деп санаймыз.
Өндiрiстiк ортаның барлық параметрлерiнiң нормативтiк көрсеткiштерi сан есе ауытқушылығы байқалған (аэрозол ПДК асып кетуi; сiлтi 10-15 есе; шаң - 80-нен 240 есеге дейiн; шу деңгейi 26-40 цБА көтерiлген; ылғалдылық 25 проц. асқан, ауысым уақытындағы тұруға мәжбүр жұмыс тұрқы 25 проц. астам, ауысым үшiн түсетiн статистикалық және динамикалық күш еңбек ауырлығының 2-шi дәрежесiне сәйкес келедi) Аталғандардан басқа бак аппаратураларының тазалаушылары газға қарсы тұмылдырықпен жұмыс iстеуге мәжбүр.
Жыл сайын зейнетке шығушылар саны 6 адамды, осыған орай зейнетақы қорынан жыл сайынғы шығын 800 мың сомды құрайды.