Об утверждении Правил отбора и приема на факультет подготовки руководящего состава МВД, ГУВД, УВД, УВДТ и УИС (факультет N 1) Академии МВД Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ішкіісминi Академиясының Iшкіісминiнiң, IIББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-ның басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiн бекiту туралы Iшкi iстер органдары басшы кадрларының резервтерiн дайындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының P990675_ Iшкiiсминiнiң, IIББ-ның, ІІБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. IIББ-ның, IIБ-ның, көлiктегi IIБ-ның, Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң қызметтерi мен оқу орындарының бастықтары:
Тармақша 1
1) көрсетiлген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының Iшкіісминiнiң, IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет) оқуға үмiткерлердi уақытында және сапалы iрiктеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-Министрi генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсiн.
Басқа 7. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІІСМИНI АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ІШКІІСМИНIНIҢ, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нiң БАСШЫ ҚҰРАМЫН ДАЯРЛАУ ФАКУЛЬТЕТIНЕ (N 1 ФАКУЛЬТЕТ) IРIКТЕУ МЕН ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 691 бұйрығымен бекiтiлген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІІСМИНI АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ІШКІІСМИНIНIҢ, ІІББ-ның, ІІБ-ның, КІІБ-ның және ҚАЖ-нiң БАСШЫ ҚҰРАМЫН ДАЯРЛАУ ФАКУЛЬТЕТIНЕ (N 1 ФАКУЛЬТЕТ) IРIКТЕУ МЕН ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының Iшкiiсминiнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамын даярлау факультетiне (N 1 факультет)* тыңдаушыларды iрiктеу мен қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетi жоғары заңгерлiк бiлiм беру базасында Iшкіісминнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамының резервiн күндiзгi оқу бойынша даярлауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiнде күндiзгi нысан бойынша оқытудың мерзiмi - 2 жыл.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Қабылдау шарттары
2. Қабылдау шарттары
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне жоғары заңгерлiк бiлiмi, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжiрибесi бар, жоғары iскерлiк қабiлетке ие және ар және Iшкіісмин, IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң аппараттарында басшы лауазымдарда резервте тұрған және тиiстi iрiктеу комиссиялары ұсынған аға басшы құрам құрамдағы тұлғалардан жасақталады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне 40 жасқа толмаған, iшкi iстер органдарындағы практикалық жұмыс өтiлi кемiнде бес жыл: оның iшiнде қалалық (аудандық) iшкi iстер органдарының (жеке құрамының саны, әдетте, кемiнде 100 адам болатын) бастықтарынан төмен емес лауазымдарда, Iшкіісмин, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ қызметтерiнiң (басқармаларының) бастықтары мен бастықтың орынбасарлары, дербес бөлiмдерiнiң бастықтары лауазымдарында кемiнде 2 жыл жұмыс iстейтiн аға басшы құрамындағы адамдар қабылданады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне оқуға түсушi үмiткерлердiң жасы мен тиiстi лауазымдардағы қызмет өтiлi түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледi.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Yмiткерлердi iрiктеудiң тәртібi
3. Yмiткерлердi iрiктеудiң тәртібi
Тармақ 7
7. Академияның N 1 факультетiне оқуға үмiткерлердi iрiктеу Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жыл сайынғы бұйрығымен бекiтiлетiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетiн жасақтау жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне түсушiлер iшкi iстер органдары бастығының атына мәлiмдеме жазады. Мәлiмдемеде арнайы атағы, тегi, аты мен әкесiнiң аты, лауазымы, туған жылы мен айы, бiлiмi көрсетiледi.
Тармақ 9
9. Iшкiiсминi қызметтерiнiң бастықтары, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ-ның бастықтары мәлiмдеменi қарап, үмiткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келген кезде денсаулық жағдайы бойынша Академиядағы оқуға жарамдылығын анықтау үшiн оларды медициналық куәландыруға жiбередi.
Тармақ 10
10. Академиядағы үмiткерлердi iрiктеу үшiн облыстардағы IIББ, IIБ-де, көлiктегi IIБ-да IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының төрағалық етуiмен iрiктеу комиссиялары құрылады.
Тармақ 11
11. Iрiктеу комиссиялары осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы IIМ Академиясының N 1 факультетiн жасақтау жоспарын басшылыққа ала отырып, үмiткерлердiң құжаттарын мұқият тексерiп, олардың қабылдау шарттарына сәйкестiгiн анықтап және олардың әрқайсысы бойынша дәйектi тұжырым жасайды.
Тармақ 12
12. Iрiктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 13
13. Комиссияларға бiр орынға 2-3 үмiткердi iрiктеп алуға рұқсат етiледi.
Тармақ 14
14. Академияның N 1 факультетiне оқуға iрiктеп алынған адамдарға IIББ, IIБ, КIIБ-ның кадр аппараттары түсу жылының 20 маусымына дейiн ҚР Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне төмендегiдей құжаттарды жiбередi: - белгiленген тәртiпте рәсiмделген жеке iсi; оқу iсi: үмiткердiң мәлiмдемесi; соңғы қызмет кезеңдегi аттестациясы; қызметкердiң Академияны бiтiргеннен кейiн тағайындалатын лауазымы көрсетiлген оқуға жiберу туралы iрiктеу комиссиясы шешiмiнiң көшiрмесi; бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi; N 1 нысандағы анықтама; әскери дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фото сурет (күнделiктi формадағы, көлемi 3,5х4,5 бұрышсыз).
Тармақ 15
15. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң iрiктеу комиссиялары iрiктеп алған адамдар Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң Академиясына, оқуға түсу жылының 15 мамырына дейiн 1,5 интервал арқылы көлемi 20-22 м.т.п. лауазымына сәйкес басқару қызметiнiң ерекшелiгiн айқындайтын мәселелер бойынша реферат тапсыруы керек. Содан кейiн IIМ Академиясы Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне рецензиялары бар рефераттарды үмiткердiң N 1 факультетке оқуға түсу жылының 20 маусымына дейiн жiбередi.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмысы департаментi Академияның N 1 факультетiне оқуға түсуге жасақтаушы органдар ұсынған адамдардың материалдарын қарайды, қолданыстағы заңнаманың, ведомстволық нормативтiк актiлер, елiмiздiң iшкi және сыртқы саясаты туралы кешендi сұрақтар кiретiн тесттiк сынақтан өткiзедi және Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi iрiктеу комиссиясына үмiткерлердi Академияның N 1 факультетiне тыңдаушылар құрамына қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Iшкіісмин iрiктеу комиссиясы Академияның N 1 факультетiне түсуге IIББ, IIБ, КIIБ-нан ұсынылған адамдардың материалдарын қарап, қабылдау шарттарына сәйкес оларды оқуға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 18
18. Оқуға қабылдау немесе қабылдамау жөнiндегi комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және оны IIМ-нiң басшылығымен бекiтедi.
Тармақ 19
19. Комиссия шешiмi жасақтаушы органдарға түсу жылының 1 қырқүйегiне дейiн хабарланады.
Тармақ 20
20. Iшкіісмин Кадр және тәрбие жұмысы департаментi оқуға қабылдауға ұсынған үмiткерлердiң материалдарын Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң Академиясына түсу жылының 10 қыркүйегiне дейiн жiбередi. Оқуға қабылданбаған үмiткерлердiң жеке iстерi мен басқа да құжаттары жасақтау органдарына керi қайтарылады.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iрiктеу комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң Академиясы бастығының бұйрығымен жүзеге асады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң Академиясы бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесi оған қол қойылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей үмiткерлердi оқуға жiберген жасақтаушы органға жiберiледi.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясы бастығының үмiткердi оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтау органынан оқу орнына iссапарға жiберуге негiз болып табылады.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетiнде сабақтың басталуы - 1 қазан.
Тармақ 25
25. Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне оқуға қабылданған адамдарға ағымдағы жыл үшiн кезектi демалысы оқуға жiберiлгенге дейiн толық пайдаланылатындай есеппен ұсынылады.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясына оқуға қабылданған, бiрақ оқу жылы басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде негiзсiз себептермен сабаққа кiрiспеген адамдар тыңдаушылар қатарынан шығарылады.
Тармақ 27
27. IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның өтiнiшiмен қызмет бабы қажеттiлiгiне қарай, Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин бұйрығымен 6 айдан кем емес күндiзгi бөлiмде оқыған тыңдаушыларды қызметке қайта шақыртып алуға рұқсат етiледi және олар оқуларын жеке кесте бойынша жалғастырады.
Тарау 4. 4. Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң тыңдаушыларын материалдық қамтамасыз ету
4. Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң тыңдаушыларын материалдық қамтамасыз ету 28. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының тыңдаушыларына оқу уақытында оқуға жiберуге дейiн атқарған соңғы негiзгi (уақытша атқармаған) штаттық лауазымы бойынша бiр айлық ақшалай ұстау жалақысы төленедi. 29. Жатақхана мен тамақтандыру тыңдаушылар есебiнен, ал киiм-кешекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Iшкіісминi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң бiтiрушiлерiн бөлу
Тармақ 30
30. Болашақтағы практикалық қызметiне сәйкес тыңдаушыларды мамандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр және тәрбие жұмысы департаментi Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң басқа да қызметтерiмен бiрлесе отырып, сынау мерзiмiнiң алдында, жасақтаушы органдардың ұсыныстары мен Iшкіісминi Академиясының тыңдаушыларды олардың дайындығына сәйкес мақсатты қолдану жөнiнде кепiлдемесi негiзiнде, N 1 факультет бiтiрушiлерiн алдын ала бөлудi жүзеге асырады. Көрсетiлген санаттағы бiтiрушiлердi дербес бөлудi Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Бiтiрушiлер, әдетте IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының орынбасарлары, Iшкіісминiнiң дербес бөлiмдерi, басқармалары лауазымдарына немесе Академияның N 1 факультетiне оқуға түскенге дейiн атқарған лауазымынан бiр саты жоғары лауазымға тағайындалуы тиiс. Бос орындар болмағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясын бiтiру аттестациясының әлсiз нәтижесiнде Академия бiтiрушiлерi басқа, бiрақ олар Академияға түскенге дейiн атқарған лауазымдардан төмен емес лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн.
Тармақ 32. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кадр және тәрбие жұмысы департаментi
32. Оқудың аяқталуына дейiн 4 ай мерзiм қалғанда N 1 факультет бiтiрушiлерiн дербес бөлу хаттамасы Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң басшылығына бекiтуге ұсынылады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Кадр және тәрбие жұмысы департаментi Қазақстан Республикасы Ішкіісмині 2000 жылдың 12 желтоқсандағы N 691 "Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ, және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 1 маусымындағы N 675 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясы құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту Ішкіісмин Академиясында ішкі істер органдарының басшы құрамын дайындау факультетін құрумен байланысты. Әзірленген Ереже Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және қабылдау тәртібін белгілейді. Ереже 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707, Заң күшіне ие, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы Ережені бекіткен қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 847 және 2000 жылғы 21 тамыздағы N 2187 қаулыларымен бекітілген, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға) сәйкес әзірленді. Осы Ереже азаматтардың құқықтарын қозғайды. Осы жазылғандарды ескере отырып және 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сай осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Штаб-Департаменті бастығының орынбасары, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы