Об утверждении и введении в действие формы статистической карточки учета проверок в сфере предпринимательства формы N 1-П, формы отчета о регистрации актов о назначении проверок деятельности субъектов предпринимательства и журнала регистрации карточек и актов о назначении проверок деятельности субъектов предпринимательства, Инструкции "О порядке составления статистической карточки учета проверок в сфере предпринимательства по форме N 1-П, отчета о регистрации актов о назначении проверок деятельн Күшін жойған
Басқа 0
Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу карточкасының N 1-П нысанын, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын, карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметiне тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу журналының нысанын және "Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есебiн және карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы" нұсқауды бекiту және күшiне енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсанындағы N 4189 "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 мамырындағы N 49 "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет бостандығының құқығын қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" өкiмiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286 "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күшi бар Жарлығының бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. N 1-П нысанындағы кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу карточкасы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысаны, карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау туралы актілердi тiркеу журналының нысаны және "Кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканы, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есебiн және карточкалар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы" нұсқау бекiтiлсiн және 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап күшiне енсiн.
Тармақ 2
2. Статистика субъектiлерi осы Нұсқаудың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1999 жылғы 7 қыркүйегiндегi N 78 және 1999 жылғы 12 қазандағы N 86 бұйрықтарының күшi
жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау орнату Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары А.В. Константиновқа жүктелсiн.
Басқа 5. N 1-П нысаны бойынша кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу статистикалық карточкасын, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын және карточкалар мен кәсiпкерлiк қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқау
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
1999 жылғы 29 қазандағы
N 92 бұйрығымен бекітіліп
күшiне енген.
N 1-П нысаны бойынша кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу статистикалық карточкасын, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын және карточкалар мен кәсiпкерлiк қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеу журналын жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйегiндегi N 1286 "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" қаулысына сәйкес дайындалып Қазақстан Республикасының заңдарының негiзiнде тексеруге өкiлеттi мемлекеттiк органдарына (ары қарай тексеру органдар) кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу N 1-П нысанындағы статистикалық карточканың, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау жөнiндегi актiлердi тiркеудiң есеп беру нысанын құрастыру және тапсыру және карточкалар мен кәсiпкерлiк қызметiне тексеру тағайындау актiлерiн тiркеу журналын жүргiзу бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Аталмыш қаулымен бекітiлген мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк субъектiлердi тексеру жөнiндегi актiлерiн тiркеу Ережелерiне сәйкес актiлердi тiркеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық есеп және ақпарат Орталығына (ары қарай тiркеу органы) жүктелген.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексеруге функциялар берiлген барлық мемлекеттiк органдар осы статистиканың субъектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Тiркеу құжаттарын есепке алу, құрастыру және тапсыру тәртiбi
2. Тiркеу құжаттарын есепке алу, құрастыру және тапсыру тәртiбi
Тармақ 4
4. Тексеру тағайындау жөнiнде тексеру органы акт шығарады және 1-П нысанды кәсiпкерлiк саласында тексеру жүргiзудi есепке алу статистикалық карточкасын (ары қарай карточка) толтырып, оларды тексеру басталғанға дейiн тiркеу органына тапсырады.
Тармақ 5
5. Тiркеу органының бөлiмдерi жоқ аудандар мен қалаларда актiлер мен карточкаларды тiркеу осы аудандар қалалардың прокурорларына жүктеледi.
Тармақ 6
6. Карточкаға жазылатын жазулар баспалық әрiптермен қысқартусыз жазылады. Карточканың жоғары оң жақ бөлiгiнде орналасқан сандық ақпараттық көрсеткiштерде осы орган және ауданға Тiркеу органы белгiлеген кодтық нөмiрлерi көрсетiледi.
Тармақ 7
7. Карточканың 1 тармағында тексерудi тағайындаған органның атауы жазылады. 2 тармақта (ауданға бөлiнетiн жерлер үшiн) орган орналасқан аудан көрсетiледi. Егер ондай бөлiну жоқ болса, карточканың бұл тармағы толтырылмайды.
Тармақ 8
8. 3 тармақта тексеру тағайындаған органның деңгейi сызылады.
Тармақ 9
9. 4 тармақта тексерiлетiн субъекттiң атауы, мекен-жайы, тiркелу нөмiрi және СТТН (РНН) көрсетiледi.
Бұл субъекттiң орналасқан жерiне тiркеу органы аудан кодын бередi, егер ауданға бөлiнбесе, карточканың кодтық орны толтырылмайды.
Тармақ 10
10. 5 тармақта тексерiлетiн субъект басшысының тегi толық жазылады, 6 тармақта - кәсiпкерлiк саласы көрсетiледi.
Тармақ 11
11. 7 тармақты толтырғанда тексеру түрi сызылады, ал графоклеткаларға оның сандық көрсеткiшi енгiзiледi. Егерде бiр акт негiзiнде бiрнеше
кәсiпкерлiк субъекттердiң қызметi тексерiлсе, тексеру орган тексерiлген субъекттердiң тiзiмiн бередi, бұл тiзiмдi тіркеу орган тексеру тағайындау туралы актіге тiркейдi.
Тармақ 12
12. 8 тармақта тексеру тағайындаған адамның тегi мен қызметi көрсетiледi.
Тармақ 13
13. 9, 10, 11, 12 тармақтар Тiркеу органы толтырып, оларда карточканың Тiркеу органға түскен күнi (9 тармақ), оның журнал бойынша рет саны (10 тармақ), Тiркеу органы қызметкерiнiң тегi мен қызметi (11 тармақ) және басқа белгiлер (12 тармақ) көрсетiледi.
Тармақ 14
14. Карточка Тiркеу органына түскен уақыттан есепке алынады.
Тармақ 15
15. Карточка және тексеру тағайындау туралы акт тексеру тағайындау туралы актiлердi және карточканы тiркеу Журналына (бұдан былай Журнал) енгiзiлуiне тиiс.
Тармақ 16
16. Журнал барлық тексеру органдарына бiрыңғай үлгiдегi құжат болып табылады.
17.Журналды дұрыс толтыру және сақтау тәртiбiн ұстануын Тiркеу органның басшысы қамтамасыз етедi.
Тармақ 18
18. Жұрналдың беттерiне нөмiрлерi қойылып, тiгiлiп, мөр басылып сақталуына тиiс. Жазулар толық, анық, ұқыпты болу керек, түзетулер мен
тазартулар болмауға тиiс. Қате жазулар көрсетiлiп жауапты адамның қолымен бекiтiледi.
Тармақ 19
19. Журналдың 1 графасында карточка мен актінің рет саны, тiркеу күнi көрсетiледi, рет саны санымен бiрге карточкасының тiркеу саны болып
есептеледi.
Тармақ 20
20. графада тексеру тағайындаған адамның тегi, қызметi және тексеру органның аты көрсетiледi.
Тармақ 21
21. Тексерiлетiн субъекттiң аталуы, мекен-жайы, СТТН (РНН), оның басшысының тегi 3 графада көрсетiледi, 4 графа кәсiпкерлiк түрі көрсетедi.
Тармақ 22
22. Актімен карточкаларды өткiзген және қабылдағаны туралы мәлiметтер 6,7 графаларда, басқа мәлiметтер 8 графада көрсетiледi.
Тарау 3. 3. Есеп жасаудың тәртiбi
3. Есеп жасаудың тәртiбi
Тармақ 23
23. Аудандық (қалалық) тiркеу органы карточкалармен актiлердi облыстық және оларға теңелген прокуратуралар жанындағы құқықтық есеп және ақпарат Орталықтарына (ары қарай Орталық) тапсырады.
Тармақ 24
24. Карточкалар негiзiнде Орталық М 1-П нысанды кәсiпкерлiк субъекттердiң қызметiн тексеру туралы актiлердi тiркеу есебiн (ары қарай
есеп) жасайды.
Тармақ 25
25. Әр тексеру орган бойынша есепке әр Орталық бастығы қолын қояды және ол ай сайын өсу қорытындысымен Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы жанындағы құқықтық есеп және ақпарат Орталығына тапсырылады. Есептiң толық және дұрыс болуына Орталық бастығы жауапты.
Тармақ 26
26. Есеп бiрыңғай нысанмен жасалады, ондағы графалардың көрсеткiштерi барлық кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiрдей.
Тармақ 27
27. Есептiң 1 графасында тексеру тағайындау туралы актiлердiң саны, ал 2 графада тексерiлген кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын субъектiлердiң саны көрсетiледi.
Тармақ 28
28. 3 графа есеп мерзiмiнде 3 реттен артық тексерiлген субъекттердiң санын көрсетедi.
Тармақ 29
29. 4-10 графалардың көрсеткiштерi тексерудiң түрiне байланысты карточканың 7 тармағының көрсеткiштерiнен құралады.
30.Кәсiпкерлiк саласында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы арыз немесе хабарламаның тiркеуiмен есептелуi қылмыстық iс жүргiзу заңының нормаларына сәйкес жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Есеп беру мерзiмдерi
3. Есеп беру мерзiмдерi
Тармақ 31
31. Есеп осы Нұсқауда белгiленген мерзiмде тапсырылады. Есептiң, түскен күнi болып ол БП жанындағы ҚС және АО-на түскен күнi саналады.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚС және АО-на облыстық (оларға теңестiрiлген) прокуратураларының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталықтары есептерiн есептi мерзiм өткеннен кейiнгi 7 жұлдызына дейiн тапсырады.
Тармақ 33
33. ҚР Бас прокуратурасының жанындағы ҚС және АО республика бойынша жиынтық есептi өткен есептi мерзiмнен кейiн 10 жұлдызына дейiн тапсырады.
Карточкалар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне
тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу журналы
___________________________________________________________________________
N N Тексеру тағайын. Тексерілетін Кәсіпкерлік қызметтің
реті тексеру даған адамның субъекттің түрі
туралы акті тегі, лауазымы, аталуы, мекен-жайы
мен карточканы Тексеру орган. СТТН (РНН), басшы.
тіркеу күні ның аталуы ның тегі
___________________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________________
Тексерудің түрі| |ҚС және АО карточка.
|______________________________________|ны алған күні
| Актіні | Актіні |
| |(ұйғарымды) |
| |тапсырғаны жөнінде|
___________________________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
___________________________________________________________________________
Облыстық прокуратура жанындағы
(оған теңестірілген) ҚС және АО
ҚР БП жанындағы ҚС және АО-на
есеп беру мерзімінен кейін-күніне
Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне
тексеру тағайындау жөніндегі актілерді тіркеу туралы
Есебі
1999 жылдың_________________________________________
ай сайын қорытындысымен
___________________________________________________
аудан, қала, облыс, бөлім атауы
___________________________________________________________________________
|1 графадан алынған тексеру түрі
______________________________________|____________________________________
тексерулер|тексерілген|Есеп мерзімінде|жос|жоспар |қарсы|рейд |арыз
ді тағайын|субъектілер|3 реттен артық |пар|дан тыс|тексе|тәрті|бойынша
дау туралы|дің саны |тексерілген |лы | |ру |бінде|
актілердің| |субъектілердің | | | | |
саны | |саны | | | | |
___________________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
_______________________
хабарлама |басқа
бойынша |
|
|
_________________________
9 | 10
Есеп____________данада жасалған Облыс (оған теңестірілген)
прокуратурасының ҚС және
АО бастығы
1 графа 2 графадан аз немесе тең.
1 графа 4,5,6,7,8,9,10 графалардың сомасына тең
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
29.10.1999 ж. N 92
бұйрығымен бекітілген
Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді
есепке алу карточкасы
1-П нысаны
___________________________________________________________________________
1.___________________________________ 01
тексеру жүргізетін органның аталуы
(анықтама бойынша)
2. Аудан_____________________________ 02
3. Республикалық (1), облыстық (2), 03
қалалық (3), аудандық (4) күні айы жылы
(керектісін сызу қажет)
___________________________________________________________________________
4. Тексерілетін субъектінің аталуы____________
Мекен-жайы____________________________________
______________________________________________________
Тіркелу нөмірі____________________________ 04
СТТН (РНН)________________________________
5. Тексерілетін субъект басшысының тегі_______________
______________________________________________________
6. Кәсіпкерлік саласы_________________________________ 06
______________________________________________________
7. Тексерудің түрі: жоспарлы (1), жоспарсыз (2), қарсы 07
тексеру(3), рейд тәртібінде (4), арыз бойынша (5),
хабарлама бойынша (6), басқа (7)
8. Тексеру тағайындаған адамның тегі,
қызметі, қолы_________________________________________
______________________________________________________
Тіркеу органымен толтырылады
9. Карточканың тіркеу органына түскен күні"__"___1999 ж. 09
күні айы жылы
10. Тіркеу журналы бойынша тіркеу саны N _____________
11. Карточканы қабылдаған Тіркеу органының қызметкерінің
тегі, қызметі, қолы
______________________________________________________ 10
12. басқа белгілер ______________
___________________________________________________________________________
Ескерту: толтырылғаннан кейін карточка ресми құжат болып табылады,
оған қол қойғандар жалған мәліметтер енгізгені үшін заң тәртібінде
жауапкершілікке тартылады.
Сақталу мерзімі 2 жыл.