О внесении изменений в приложения N 1 и N 2 к решению Акима Восточно-Казахстанской области от 5 марта 1999 года N 654 "О межведомственной комиссии по контролю за оптовой торговлей" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көтерме саудаға бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 5 наурыздағы шешіміне N 1 және N 2 қосымшаларына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. Облыстың орта және шағын бизнесiнiң өкiлдерiнен түскен ұсыныстарды ескерiп ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Көтерме саудаға бақылау жасау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 654 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) N 1 қосымшадағы 14 тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) N 2 қосымшаның П тарауының 3 тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
Тармақша 3
"3) темiржол көлiгiмен әкелiнетiн тауар сапасы зауыт-дайындаушының сапа төлқұжатымен құжаттандырылады. Автокөлiкпен әкелiнетiн мұнай өнiмдерi тауарды тауар биржасына тiркеуге ұсынудан бұрын және қандайда болсын уағдаластықты орындауға дейiн тексеру мен растаудан мiндеттi түрде өтедi. Мұнымен қатар сынаманы алу тiкелей машинадан жүргiзiледi. Тексерудi тiркелген лабораториялар жүргiзедi.";
Тармақша 3
3) N 2 қосымшаның П тарауының 5 тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) N 2 қосымшаның П тарауының 6 және 7 тармақшалары тиiсiнше 5 және 6 тармақшалар деп саналсын;
Тармақша 5
5) N 2 қосымшаның Ш тарауының 1 тармақшасының соңғы абзацы алынып тасталсын.