О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан N 1089 от 9 июля 1997 года "Об отдельных вопросах развития животноводства Республики" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089 "Республикада мал шаруашылығын дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi, мал және құс санын тұрақтандыруды, ауылшаруашылық құрылымдарындағы, шаруа қожалықтарындағы және тұрғындардың жеке меншiгiндегi малдарды сатып алуды ұйымдастыруды одан ары дамытуды мақсатында облыс әкiмi шешті:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089 "Республиканың мал шаруашылығын дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысы басшылыққа және орындалуға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкiмдерi, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, облыстық мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру комитеттерi аграрлық сектордағы экономикалық реформаларды тереңдету, ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерден өзара тиiмдi жағдайда өнiмдердi дайындаумен және өткiзумен, материалды-техникалық қамтамасыз етумен, сол сияқты тiрi малды және мал өнiмдерiн сататын көтерме базарларды ұйымдастыратын кооперативтерiн ұйымдастыру жұмыстарын одан ары жалғастырсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерiне, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына, мүмкiн болатын төмендегi шараларды: - қолдарында малы мен құсы жоқ үй шаруашылықтарының оларды өндiрiстiк кооперативтермен және басқа ауылшаруашылық құрылымдармен келiсiм шарт негiзiнде алуын; - жем-шөппен қамтамасыз етудi пайдалануға жарамды тың жерлерден де, айдаулардан да, онда да басымдылықпен - тиiмсiз пайдаланудағы жерлерде шабындық жер мен жайылымдар бөлiп беру арқылы, тұрғындарға оларды ақы төлеу арқылы дайындауды; - өнiмдiлiгi бар аналық бастарды сақтауды және көбейтудi, оларды келiсiм-шарт жасау арқылы асылдандыру мен ветеринарлық қызмет көрсетудi дайындасын және қолға алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы, облыстық экономика басқармасы аудан әкiмдерiмен бiрлесе отырып ағымдағы жылдың 20 қыркүйегiне дейiн облыстың жаңа шекарасында агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 1997-2000 жылдарға арналған концептуальды бағдарламасын дайындасын және бекiтуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкiмдерi, облыстық ауылшаруашылық басқармасы, "Алматы" АҚ облыс әкiмiнiң 1997 16 маусымдағы N 6-200 "1997-1999 жылдарда мал шаруашылығындағы селекциялау-асылдандыру жұмыстарын жақсартудың қосымша шаралары туралы" шешiмiнiң орындалуы, шағын агробизнестi дамыту мал өнiмдерiн қайта өңдеушi шағын цехтар ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды күшейтсiн. Тауар өндiрушiлер кредиттiк қаржы, оның iшiнде Азиялық Даму Банкiнен қаржы алу үшiн қажеттi бизнес-жоспарларды дайындауға консультациялық көмек көрсетуге барлық мүмкiндiктер пайдаланылсын және спонсорлар мен инвесторларға тиiмдi жағдай жасалсын.
Тармақ 6
6. Облыстың ауылшаруашылығы басқармасы аудан әкiмдерiмен Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлiгi дайындаған жағдайда бiрлесiп мал және мал өнiмдерiн сатып алу үшiн қажеттi кредиттiк қаржыны алу құқығын иемденуге тендер дайындасын және өткiзсiн.
Тармақ 7
7. Аудан әкiмдерi, облыстық ауылшаруашылық басқармасы осы шешiмнiң орындалу барысы жайлы облыс әкiмi аппаратына жыл сайын 15 қаңтардан кешiктiрмей ақпарат берсiн.
Тармақ 8
8. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О.Омаровқа жүктелсiн.