О внесении изменений и дополнений N 11 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2012 Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 11 толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5 , N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10 , N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 , N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 , N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 , N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 , N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 , N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41 ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Тармақша 1
1) бюджет шығыстарының сыныптамасында:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобындағы 2 "Халықтың денсаулығын қорғау" кіші функциясында:
254 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша:
033 "Жергілікті деңгейдегі эпидемиямен күрес" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағаны "01.01.04" деген сандармен толықтырылсын;
030 "Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар" және 031 "Жұқпалы аурулардың ошағында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу" кіші бағдарламаларымен 039 "Санитарлық-эпидемиологиялық игілікті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша "Іс-әрекеттің аяқталу күні" бағанындағы "01.01.03" деген сандар "01.01.04" деген сандармен ауыстырылсын;
278 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 033 бағдарламасымен толықтырылсын:
"033 Жергілікті деңгейдегі эпидемиямен күрес".
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.