О внесении изменений и дополнений в приказ ТК РК N 114-П от 28.05.96 г. Күшін жойған
Басқа 0
ҚР КК-нiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Нұсқауға өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 1.5-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды кедендiк ресiмдеу бұл үшiн анықталған жерлерде кеден органының қызметi аймағында жүргiзiледi. Өнiм қоюға шет ел тұлғасымен (бұдан әрi тиiсiнше экспортшы немесе импортшы) шарт жасасқан ұйым тауарларды кедендiк ресiмдеудi тауардың орналасқан жерi бойынша аймақта жүргiзедi".
Тармақ 2
2. 1.6-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары бiрiктiрiлсiн және төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды өткiзу транспорттың бiр түрiнен көбiн (құбырмен жүргiзетiн темiр жол транспорты, құбырмен жүргiзетiн автомобиль транспортын ж.т.б.) пайдаланатын жағдайда кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында соңғы түрiне қайта тиеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi".
Тармақ 3
3. 2.4-тармағында "Өнiм қою ... iшiнде ..." сөздерiнен соң "... үшiн өнiм қою ..." сөздерi жазылсын.
Тармақ 4
4. 3.3-тармағының "Д" абзацы алынып тасталынсын.
Тармақ 5
5. 3.4-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудi тасымалдаушының УКЖД-ның 44 бағанында мәлiмдеген мерзiмдерiнде, алайда үш айдан асырмай жүргiзуге болады".
Тармақ 6
6. 3.7-тармағында толық КЖД ұсыну мерзiмi ұзартылсын, бiрақ 30 күннен асырылмасын..."
Тармақ 7
7. 5.3-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "КЖД-ның (УКЖД-ның) күшi жойылған кезде кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын қайтару жүргiзiлмейдi. Төлеушiнiң өтiнiшi бойынша сома тауардың келесi топтамаларын кедендiк ресiмдеу үшiн төлемдердiң есебiне жатқызылады".