Об утверждении дополнений в приказ ТК РК N 118-П от 03.06.96г. ~V960181 "Об утверждении положений по переработке товаров" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-Б бұйрығына толықтыруларды бекіту туралы Бағалы металдар рыногын ырықтандыру, Қазақстан Республикасында олардың өндірісін арттыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 Жарлығының бабына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-б бұйрығына толықтыруларды бекіту туралы бұйрығына "Қазақстан Тауарларын ұқсату үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетуге кедендік бақылау тәртібі" деген 2 қосымша мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың ерекшеліктері туралы" деген 6 баппен толықтырылсын:
Тармақ 6.1
6.1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тазартылған бағалы алумен одан әрі тазарту үшін оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына кіргізбей Қазақстан Республикасының уәкілді банкінде металл шоттарда міндетті тіркеуден өткізсін және кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кеден режимін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономикалық саясат шараларын қолданып тауарлар - экспортының режиміне өзгертіп шығарыла алады.
Тармақ 6.2
6.2. Кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кедендік режим тауарлар экспортының режиміне өзгерген кезде кедендік ресімдеуді ұқсату үшін берілетін рұқсатқа сәйкес кеден органдары жүзеге асырады. Режимді өзгерту үшін мыналар негіз болып табылады: - бастапқы саудалаудан өтуі туралы куәлік мына қосымшалармен; - Қазақстан Республикасы уәкілді банктері есеп-шоттарынан үзінділер; - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес экономикалық саясат шараларын қолдану.
Тармақ 6.3
6.3. Тауарлардың кедендік ресімделуі "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-б бұйрығына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Кеден комитетінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы бұйрықтың мазмұнын шаруашылық жүргізуші субъектілердің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.