О внесении дополнений N 12 в Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2012 Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 12 толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Тармақша 1
1) бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
13 "Өзге" функционалдық тобындағы 9 "Өзге" кіші функциясында:
105 "Әкім аппараты" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 085 бағдарламасымен толықтырылсын:
"085 Жер сілкінісі салдарларын жоюға Жамбыл облысына қаржы көмегін көрсету";
259 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 038 бағдарламасымен толықтырылсын:
"038 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
273 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымның және құрылыстың атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 032 бағдарламасымен толықтырылсын:
"032 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы мен көліктің атқарушы органы" мынадай мазмұндағы 068 бағдарламасымен толықтырылсын:
"068 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
275 "Астана қаласының даму бағдарламасына әкімшілік жүргізу жөніндегі департамент" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 038 бағдарламасымен толықтырылсын:
"038 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу".
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.