О внесении изменений в решение акима сельского округа Баскудык N 123 от 1 июня 2009 года "О наименовании и переименовании составных частей, улиц, относящихся в ведение административно-территориального устройства сельского округа Баскудык" Қолданыста
Басқа 0
Басқұдық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 123 "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572 - XII Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және 2012 жылғы 3 тамыздағы N 18 азаматтар конференциясының хаттамаларының негізінде Басқұдық селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Басқұдық селолық округі әкімінің 2009 жылғы 01 маусымдағы N 123 "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне N 11-7-54 болып енгізілген, 2009 жылғы 10 шілдедегі "Мұнайлы" газетінің N 27 (83) санында жарияланған) 1, 2-қосымшаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Басқұдық селолық округіндегі "Болашақ" елді мекені - "Болашақ" тұрғын үй массиві, "Маржан" елді мекені - "Маржан" тұрғын үй массиві, "Рахат" елді мекені - "Рахат" тұрғын үй массиві және "Басқұдық" елді мекені - "Басқұдық" тұрғын үй массиві болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары М. Жұмабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.