О внесении изменений в решение акима области N 131 от 18 июня 1999 года "О создании областного координационного Совета по борьбе с коррупцией при акиме области" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің "Облыс әкімі жанында сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құру туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, сыбайлас жемқорлықпен күрестiң мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiнде мемлекеттiк органдарда жүргiзiлетiн тексерулердiң сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнiң қарауына тиiстi материалдарды әзiрлеу мақсатында сондай-ақ кадрлар өзгерiсiне- байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң құрамына Үйлестiру кеңесi төрағасының орынбасары ретiнде Бұлытбай Мамтыұлы Мамытов облыс прокуроры енгiзiлсiн. Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң құрамынан М.А. Пақырдiнов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiмiнiң N 2 тармағы төмендегiдей редакцияда мазмұндалсын. "Облыстық үйлестiру кеңесi тоқсан сайын басқарма, комитеттер, департаменттер, атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы туралы есебiн кестеге сәйкес тыңдап отырсын" (жалғанды).
Тармақ 3
3. "Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау кестесi" бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiмiнiң 2-тармағының және N 2 және N 3 қосымшаларының күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 5. Облыстық үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiнде аудан әкiмдерiнiң және облыстық басқармалардың, департаменттер мен комитеттер бастықтарының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы жөнiндегi есебiн тоқсан сайын тыңдаудың КЕСТЕСI
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 93 шешiмiне қосымша Облыстық үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiнде аудан әкiмдерiнiң және облыстық басқармалардың, департаменттер мен комитеттер бастықтарының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы жөнiндегi есебiн тоқсан сайын тыңдаудың КЕСТЕСI N/N Атаулары Орындалу мерзiмi Баяндамашы Облыс әкiмi аппаратынан жауапты 1. Казталовка ауданы әкімінің есебі II тоқсан 2000 ж. М. Иманғалиұлы Б. С. Садықов 2. Қаратөбе ауданы әкімінің есебі II тоқсан 2000 ж. С. К. Сүлеймен Ө. Б. Жүсібәлиев 3. ІІБ бастығының есебі II тоқсан 2000 ж. Т. Ш. Рақымжанов Т. А. Даньшина 4. Орда ауданы әкімінің есебі IIІ тоқсан 2000 ж. Л. Р. Хайретдинов М. С. Нұртазин 5. Облыстық салық комитеті төрағасының есебі IIІ тоқсан 2000 ж. М. М. Әбдірахманов Н. Н. Годунова 6. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының есебі IIІ тоқсан 2000 ж. Р. Х. Сүйербаев Ғ. З. Қуанышев 7. Тасқала ауданы әкімінің есебі IҮ тоқсан 2000 ж. Р. Ө. Қарин Б. С. Садықов 8. Облыстық қаржы басқармасы бастығының есебі IҮ тоқсан 2000 ж. А. Ш. Хамитов Н. Н. Годунова 9. Салық полициясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының есебі IҮ тоқсан 2000 ж. М. А. Танкеев Т. А. Даньшина
Басқа 6. Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң аудандарға шығып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау КЕСТЕСI
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 93 шешiмiне қосымша Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң аудандарға шығып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау КЕСТЕСI N/N Қабылдау жүргізеді Аудандар Қабылдау мерзімі 1. Қ. Қ. Жақыпов – облыс әкімі Бөрлі ауданы маусым 2000ж. 2. М. И. Құлшар – облыс әкімінің орынбасары Қаратөбе ауданы сәуір 2000ж. 3. Б. М. Мамытов – облыс прокуроры Тасқала ауданы тамыз 2000ж. 4. Т. Ш. Рақымжанов – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Зеленов ауданы мамыр 2000ж. 5. Ш. Ш. Отарбаев – Ұлттық қауіпсіздің комитеті облыстық департаментінің бастығы Теректі ауданы қыркүйек 2000ж. 6. М. Т. Әміралиев – облыстық әділет басқармасының бастығы Шыңғырлау ауданы шілде 2000ж. 7. М. А. Танкеев – салық полициясы комитетінің облыстық басқармасының бастығы Жәнібек ауданы қыркүйек 2000ж. 8. Ш. А. Байбатыров – облыстық кеден басқармасының бастығы Бөкей Ордасы ауданы тамыз 2000ж. 9. Қ. Х. Ғайсин – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырым ауданы қазан 2000ж. 10. Қ. Ш. Қарағойшин – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Жаңақала ауданы қараша 2000ж. 11. Д. Сағатов – облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы Казталовка ауданы желтоқсан 2000ж.