О протесте Генерального Прокурора Республики Казахстан на нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан N 14 от 19 октября 2001 года "О судебной практике рассмотрения заявлений о принудительном исполнении решений третейских судов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бас Прокурордың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 14 қаулысына келтірген наразылығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қарап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы аралық (төрелік) соттардың сот жүйесіне кірмейтінін ескере отырып, азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың бұзылған құқықтарын қорғаудың тәсілдері мен әдістерін таңдауда толық еркіндік алу құқықтарын барынша іске асыруы үшін коммерциялық және басқа да төрелік соттар желілерін дамытуға көмектесу қажет екендігін атап өтеді. Іс жүзінде аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату проблемалары орын алуда. Конституциялық Кеңестің аралық соттардың мәселелері жөніндегі 2000 жылғы 16 ақпандағы, 2002 жылғы 15 ақпандағы және 2002 жылғы 12 сәуірдегі қаулыларында "аралық соттардың қызметін құқықтық реттеудің, сондай-ақ олардың шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеп орындауы туралы мәселе де заң шығарушының қарау аясына жатады" делінген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын және 75-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2002 жылғы 15 ақпандағы қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 14 нормативтік қаулысының күші тиісті заң қабылданғанша тоқтатуға. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандыруға.
Тармақ 2
2. Заң актілерінде, оның ішінде "Шетелдік инвестициялар туралы" заңында көзделген жағдайларда төрелік (аралық) соттардың шешімдері Қазақстан Республикасы сот органдарының шешімдеріне тектес орындалатынын соттардың ескергендері жөн. Қазақстан Республикасында шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері АІЖК-нің 425-бабында көзделген тәртіп бойынша танылады және орындалады.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 20-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы аралық соттардың құқықтық мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жалпы отырыс хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы