О внесении дополнений N 14 в Единую бюджетную классификацию на 2000 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 14 толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы" Заңына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: "7.6.274.38 Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "7.6.274.47 Елді мекендерді көріктендіру объектілерін салу және қайта құру"; "12.3.215.80.81 Республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жобаны жүзеге асыру" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "12.3.273 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфраструктура мен құрылыс атқару органы 12.3.273.33 Кеме жүретін Орал-Каспий каналы мен Қиғаш өзенінің арнасын тереңдету жұмыстары".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.