О внесении изменений в Положение о наблюдателях иностранных государств и международных организаций на выборах депутатов Парламента Республики Казахстан и Положение о полномочиях наблюдателей общественных объединений, доверенных лиц кандидатов в депутаты, а также представителей средств массовой информации на выборах депутатов Парламента Республики Казахстан, утвержденных постановлением Центральной избирательной комиссии N 16 от 8 ноября 1995 года Күшін жойған
Басқа 0
Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы қарашаның 8-iндегi N 16 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ережеге және Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ережеге өзгерiстер енгiзу жөнiнде
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
- 1-тараудың 2-пунктiнiң екiншi бөлiгi алынып тасталсын.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ереже
2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
- 1-тараудың 2-пунктiнiң екiншi бөлiгi алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Алматы, 1997 жылғы тамыздың 18-i
N 15/93
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ереже
(Ортсайлаукомның 1997 жылғы 18 тамыздағы N 15/93
қаулысына енгiзiлген өзгерiстермен бiрге)
Тармақ i. I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу тәртiбi
I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тiркеледi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша өз мәжiлiсiнде тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Тармақ ii. II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Байқаушылар:
- әрбiр учаскедегi, пункттегi дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға;
- сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
- сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға;
- дауыс санау барысын, сондай-ақ учаскесiндегi, пунктiндегi дауыс беру нәтижелерiн анықтауды қадағалауға құқылы.
Тармақ iii. III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету
III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында жүрген кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қамқорлығында (қорғауында) болады.
Тармақ 2
2. Байқаушылар қызметiн материалдық-қаржылық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларды жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде тиiстi сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi оларға көмек көрсетiп отырады.
Тармақ iv. IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық Заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ереже
2. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оларды тiркеудi қайтарып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ереже
(Ортсайлаукомның 1997 жылғы 18 тамыздағы N 15/93
қаулысына енгiзiлген өзгерiстермен бiрге)
Тармақ i. I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi
I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық бiрлестiктерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары жанында тiркеледi.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу туралы шешiм тиiстi аумақтық және округтiк комиссиялардың мәжiлiстерiнде қабылданады.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Тармақ ii. II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының өкiлеттiктерi
II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары:
- дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердi ашқан кезде әр учаскеде, пунктте қатысуға;
- сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
- сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға;
- сайлау учаскесiндегi, пунктiндегi дауыстарды санау барысын, сондай-ақ дауыс беру нәтижелерiн анықтауды байқауға хақылы.
Тармақ iii. III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының жауапкершiлiгi
III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының жауапкершiлiгi
Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тiркеудi қайтарып алуға құқылы.
Тармақ iv. IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты шараларға қатысуға кепiлдiк берiледi.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы