О внесении изменения и дополнения N 17 в Единую бюджетную классификацию на 2000 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 17 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына: бюджет кірістерінің сыныптамасы: "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "701103 Бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын, қаржы жылы басындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары"; "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың еркін қалдықтары" деген жол мынадай мазмұнда жазылсын: "701102 Есепті кезеңнің соңындағы бюджеттік қаражаттың қалдықтары."
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.