О внесении изменения и дополнений N 17 в Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2012 Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 17 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5 , N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10 , N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27 , N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 , N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43 , N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 , N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10 , N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41 , N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62 , N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78 , N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101 , N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109 ) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобындағы 1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" әкімшісіндегі 060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалау-іздестіру жұмыстары" бағдарламасы бойынша:
037 "Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"037 Ресей Федерациясы шекарасы-Успенка-Павлодар-Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
мынадай мазмұндағы 045 және 046 кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"045 2003 жылғы конкурстар хабарландыруларын төлеу және 2004 жылғы объектілер бойынша конкурстық құжаттамалар таралымын көбейту";
"046 Челябинск-Қостанай-Астана автожолын қайта жаңарту жобасын және техника-экономикалық негіздемесін дайындау".
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) құқықтық басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2003 жылдың 25 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таралатын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.