О внесении изменений в постановление акимата города Алматы N 1/72 от 11 июля 2001 года "О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкiмiнiң 2001 жылы 11 маусымдағы N 1/72 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Сноска.
Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 09.03.2005 N 1/127 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкiмшiлiгi қаулы етті:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмiнiң 2001 жылы 11 маусымдағы № 1/72 "Алматы қаласында кейбiр қызмет түрлерiн лицензиялау туралы" қаулысына келесi өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) № 1 қосымшаның 1 тармағы келесi редакцияда оқылсын: "1. Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының жанындағы сарапшылар комиссиясы - дезинфекция, дезинсекция, дератизация дәрi-дәрмектерi мен құралдарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме саудамен сату қызметтерiне, сонымен қатар оларды қолдануға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметтерiне қорытынды бередi".
Тармақша 2
2) №1 қосымшаның 5 тармағы келесi редакцияда оқылсын: "5. Алматы
қаласы Бiлiм департаментi жанындағы сараптаушы комиссиясы – негiзгi жалпы
және орта немесе бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына,
сонымен қатар Алматы қаласының аумағындағы мектепке дейiнгi және мектептен
тыс ұйымдардың қызметтерiне қорытынды.";
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктеледi.