О внесении изменений и дополнений N 18 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2012 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 18 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3  бұйрығына  (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10, N 2184 тіркелген 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78, N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101, N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109, N 2442 тіркелген 2003 жылғы 22 шілдедегі N 127, N 2446 тіркелген 2003 жылғы 29 шілдедегі N 133, N 2421 тіркелген 2003 жылғы 30 шілдедегі N 134) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Тармақша 1
1) бюджет кірістерінің сыныптамасында: 2 "Салыққа жатпайтын түсімдер" санатындағы 01 "Кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін басқа да кірістер" сыныбындағы 3 "Кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін кірістер" кіші сыныбындағы мынадай мазмұндағы 04 ерекшелікпен толықтырылсын: "04 Жер учаскесін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлем"; 3 "Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер" санатындағы 03 "Жерді және материалдық емес активтерді сату" сыныбындағы 1 "Жерді және материалдық емес активтерді сату" кіші сыныбындағы мынадай мазмұндағы 04 ерекшелікпен толықтырылсын: "04 Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелерін мемлекеттің меншікке сатудан түсетін түсімдері";
Тармақша 2
2) шығыстардың функционалдық сыныптамасында: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында 2 "Қаржылық қызмет" кіші функциясында: 105 "Әкім аппараты" бағдарламалардың әкімшісі бойынша "Рыноктарда біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру" 041 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: "041 Жергілікті салықтарды жинауды және рыноктарда біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру"; 276 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының бас дирекциясы" бағдарламалары әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 032 бағдарламамен толықтырылсын: "032 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының бас дирекциясының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу"; 277 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы бойынша атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 030 бағдарламамен толықтырылсын: "030 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы бойынша атқарушы органының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу"; 5 "Денсаулық сақтау" функцияналдық тобында 2 "Халық денсаулығын сақтау" кіші функциясында 278 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 034, 035, 036 бағдарламалармен толықтырылсын: "034 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу"; "035 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың мекемелерін күрделі жөндеу"; "036 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайту"; 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функцияналдық тобында 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясында 256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы орган" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 033 бағдарламамен толықтырылсын: "033 Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органдардың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу".
Тармақ 2
2. Бюджеттік процесс әдістемесі және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы