О внесении изменений в решение акима г.Алматы N 196 от 25 февраля 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 196 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
Қоршаған ортаны қорғау Қорына төлемдердi тиiмдi жинауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы, 29-бабы 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 желтоқсандағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердi алу Ережесiн бекiту туралы" N№1213 Қаулысы негiзiнде Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы бойынша 1999 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" N 196 шешiмiнiң »1 қосымшасының 4-тармағына өзгерiс енгiзiлсiн:
- "радиоактивтiк қалдықтарды орналастырғаны үшiн..." деген жолдар мынадай редакцияда берiлсiн: "радиоактивтiк қалдықтарды орналастырғаны үшiн (өлшем бiрлiгi) - 1 ГБк, (төлем ставкасы) - 18 теңге".
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғаудың Алматы қалалық қоры осы шешiм әдiлет басқармасында тiркелген соң, 1999 жылы радиоактивтi қалдықтарды орналастырғаны үшiн жаңа төлем ставкасын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.