О внесении изменений и дополнений N 2 в приказ и.о. Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 29 декабря 2003 года N 201 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан", зарегистрированный за N 2647 Күшін жойған
Басқа 0
Тiркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 2 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Тiркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (2004 жылғы 3 сәуірдегi N 54 "N 2647 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" - тiркелген N 2806) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
Тармақша 1
1) бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
3 "Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кiрiстер" санатында 02 "Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату" сыныбындағы 1 "Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 04 спецификасымен толықтырылсын:
"04 Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сатудан түсетiн түсiмдер";
6 "Жалпы қаржыландыру" санатында 03 "Өзге қаржыландыру" сыныбындағы 1 "Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдер" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 03 спецификасымен толықтырылсын:
"03 Республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер";
Тармақша 2
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
275 және 618 бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының барлық мәтiнi бойынша мынадай редакцияда жазылсын:
"275 Астана қаласының Күрделi құрылыс департаментi";
"618 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)";
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясында:
618 "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" бағдарлама әкiмшiсi бойынша;
1 және 3 бағдарламалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1 Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі уәкiлеттi орган қызметiн қамтамасыз ету";
"3 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру";
6 "Қылмыстық-орындау жүйесi" кiшi функциясында 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бағдарлама әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 12, 13 және 14 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"12 Тергеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау";
"13 Тергеу изоляторларында СПИД iндетiне қарсы iс-қимыл";
"14 Алматы қаласында 1 800 орынға тергеу изоляторын салу";
6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобында 9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген бағдарламаның әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 17 бағдарламамен толықтырылсын:
"17 Жұмыссыздық жөнiндегi" жәрдемақы төлемдерi бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерi";
274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" бағдарлама әкiмшiсi бойынша 7 "Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында" 3 "Сумен қамтамасыз ету" кiшi функциясында мынадай мазмұндағы 11 кiшi бағдарламалары бар 13 және 15 бағдарламасымен толықтырылсын:
"11 Сумен жабдықтау жүйесiн дамыту үшiн кредиттеу";
"13 Республикалық бюджеттiң есебiнен жобаны iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттi несиелендiру";
"15 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" деген бағдарламаның әкiмшiсi бойынша 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 24 "Ауданаралық (қалааралық) жолаушылар тасымалын ұйымдастыру" бағдарламасы алынып тасталсын;
9 "Көлiк және байланыс саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 24 бағдарламасы бар 274 бағдарлама әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"274 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы";
"24 Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру";
Тармақша 3
3) 130 "Тауарлар сатып алу" кiшi сыныбындағы 1 "Тауарлар мен қызмет көрсетулерге шығындар" сыныбындағы 1 "Ағымдағы шығындар" санатында шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
"136 Ел iшiндегi қызметтiк iссапарлар";
"137 Елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарлар".
Тармақ 2
2. Бюджеттiк процесс әдiснамасы және функционалдық талдау департаментi (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр