О внесении дополнений и изменений N 20 в Единую бюджетную классификацию Республики Казахстан на 2000 год Қолданыста
Басқа 0
2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына N 20 толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 164 "Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейiн суағардың үшiншi желiсi құрылысын салу жобасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" және 2000 жылғы 8 шiлдедегi N 1035 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" қаулыларына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына:
"7.3 Сумен жабдықтау" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"7.3.131 Астана қаласының әкiмi
"7.3.131.33 Вячеслав су қоймасынан Астана қаласына дейiн суағардың үшiншi желiсi құрылысын салу жобасын iске асыру";
"10.4.218.50.30 Зайсан-Ертiс балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу су айдыны басқармасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"10.4.218.50.30 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Балқаш аймақтық мекемесi";
"10.4.218.50.32 Орал-Каспий балық қорларын қорғау және оларды ұтымды
пайдалану жөнiндегi облысаралық су айдыны басқармасы" деген жол мынадай
редакцияда жазылсын:
"10.4.218.50.32 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий
аймақтық мекемесi".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.