О внесении дополнений N 23 в Единую бюджетную классификацию на 2000 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 23 толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы N 73 өкіміне, "Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы қаулысына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған бірыңғай бюджеттік жіктемесінде: "3.1.251.30.34 Қылмыстық-атқару инспекциясы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын; "3.1.251.34 Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу"; "8.9.263.54. Жергілікті деңгейде мәдениет пен спорт объектілерін салу және күрделі жөндеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын; "8.9.263.56 Аймақтық жастар саясатын өткізу".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.