О внесении дополнений N 24 в Единую бюджетную классификацию Республики Казахстан на 2000 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне N 24 толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде: "3.1.251.34. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын: "3.1.251.35. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу және күрделі жөндеу"; "13.9.105.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын: 13.9.105.30. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі жөндеу"; "13.9.273.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын: 13.9.273.31. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі жөндеу".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.