О внесении изменения и дополнений N 25 в Единую бюджетную классификацию на 2000 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне N 25 өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы N 1872 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 қазандағы N 1536 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне: бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiнде: "2.1.208.30 Қорғаныс сипатындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар" деген жолдан кейiн мынадай редакцияда жазылған жолмен толықтырылсын: "2.1.208.31 Артық қару-жарақ пен әскери техниканы сату бойынша мемлекеттiк тапсырысқа ақы төлеу" "8.1.230.41.31 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" деген жолдан кейiн мынадай редакцияда жазылған жолдармен толықтырылсын: "8.1.230.41.32 Алтын және қымбат металдардың мемлекеттiк мұражайы 8.1.230.41.33 Тарихи-мәдени құндылықтарды жөндеу-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу"; шығыстардың экономикалық жiктемесiнде: "1.1.130.138 Құжырамаға және жерге жалгерлiк төлемдер" деген жол келесi редакцияда жазылсын: "1.1.130.138 Құжыраманы жалға алу төлемдерi".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.