О внесении изменений N 28 в Единую бюджетную классификацию на 2000 год Қолданыста
Басқа 0
2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне N 28 өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 8 қарашадағы "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 1733 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының фукнционалдық жіктемесіне:
"1.2.217.36 Объектілерді жекешелендіруге дайындау, мемлекеттік
мүлікті жекешелендіру мен басқару жөніндегі рәсімдерді өткізу" деген жол
мынадай редакцияда жазылсын:
"1.2.217.36 Жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті басқару және
мемлекеттің жекешелендіруден кейінгі қызметі";
"1.2.219.41 Кеден бекеттерінің құрылысы" деген жол мынадай редакцияда
жазылсын:
"1.2.219.41 Кеден бекеттерінің, Кеден комитетінің инфрақұрылымының
және объектілерінің құрылысы";
"1.2.219.42 Кеден органдарын материалды-техникалық жағынан қамтамасыз
ету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1.2.219.41 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі
органдарын материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету".
Тармақ 2
2. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет департаменті
(Е. Бахмутова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.