О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны N 3-1-55п от 10 января 2003 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласының Әділет департаментінің 2005 жылғы 1/10-2-5975 хатымен. ___________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 "Инновациялы қызметтің мамандандырылған субъектілерін қалыптастыру және аккредитациялау Қағидасын бекіту туралы"  қаулысына , Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың бірқатар мәселелері туралы" (Әділет басқармасында 2003 жылдың 30 қаңтарында N 242 тіркелген)  қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беруді және жасауды реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың бірқатар мәселелері туралы"  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 1
"1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының (бұдан әрі - Бизнес-инкубатор) өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы бекітілсін";
Тармақша 2
2) қаулы қосымшасындағы: Қағиданың атауы мына редакцияда мазмұндалсын: "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылықты жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы"; 1-тармақтағы "2001 жылғы 19 наурыздағы N 574" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 "Инновациялы қызметтің маманданған субъектілерін қалыптастыру және аккредитациялау Қағидасын бекіту туралы" қаулысымен" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 3
3-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 3
"3. Бизнес-инкубаторда жеңілдікке құқық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі, олар жаңа бастаған кәсіпкерлер немесе импорт алмастыратын және экспортқа арналған өнім өндіруге бағытталған инновациялы жобалармен шаруашылықты қызмет атқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керек, сонымен бірге, олардың қызметі мен бизнес-инкубаторда орналасқан мерзімі бір жылдан бастап және үш жылдан кем емес болуы керек"; 4-тармақтағы "қалыптастыруда" сөзінен кейін "Орталық" сөзімен толықтырылсын; 4-тармақтағы 1) тармақша мына редакцияда мазмұндалсын: "жылумен қамтамасыз ету бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын"; 4-тармақтағы 2) тармақша мына редакцияда мазмұндалсын: "өндірістік алаңдарын жалға алу бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын";
Тармақ 5
5-тармақ алынып тасталсын; 7-тармақтағы "(бұдан әрі - Орталық)" сөзі алынып тасталсын; 32-тармақтағы 2) тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 2
"2) ол жалға алғанына 1 (бір) жыл толмастан Бизнес-инкубатор аумағында бұдан әрі орналасудан бас тартса. Бұл жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Орталықтың жеңілдіктер беру жөнінде барлық шығындарын толық көлемде қайтаруға міндетті;".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді. Астана қаласының әкімі Визалар: