О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О применении законодательства по делам, связанным с незаконным оборотом наркотических средств, психотропных, сильнодействующих и ядовитых веществ" N 3 от 14 мая 1998 года с изменениями, внесенными постановлением Пленума N 2 от 30 апреля 1999 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Есiрткі, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 қаулысына, Пленумның 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 2 қаулысымен енгізілген өзгерiстермен бірге, өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 259, 263 және 265-баптарының редакциясына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы N 47-II Заңымен енгізілген өзгерiстерге байланысты, сондай-ақ заңдарды қолданудағы бiркелкілiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткi, психотроптық, күшті әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөнiндегi істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 қаулысына Пленумның 1999 жылғы 30 сәуiрдегі N 2 қаулысымен енгізiлген өзгерiстермен бiрге, мынадай өзгерiстер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Қаулының атауындағы және кiрiспедегi, 11-тармақтағы, 13-тармақтың екiншi абзацындағы "күштi әсер ететiн", "өте күштi әсер ететiн" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қаулының 1 және 5-тармақтары "дайындауға" сөзiнен кейiн "немесе қайта өңдеуге" сөздерiмен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. 11 тармақ "дайындауға қолданылатын" сөздерiнен кейiн "заттардың," сөзiмен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. 7-тармақтың үшiншi абзацы және 8-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. 14-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Өздерiнiң қызмет бабы бойынша есiрткi, психотроптық және улы заттарға, оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар Қылмыстық кодекстiң 260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 263-баптың үшiншi бөлiгінде және 265-бабында көрсетiлген қылмыстардың субъектiлерi болып табылады". Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Пленум хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы