Об утверждении изменений в Инструкцию Главной налоговой инспекции Министерства финансов Республики Казахстан N 33 "О порядке исчисления и уплаты в бюджет подоходного налога с юридических лиц" Күшін жойған
Басқа 0
"Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқауына өзгерістерді бекіту туралы
Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 Нұсқауына өзгерiстер бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Әдiстеме департаментi (Н.Д Үсенова):
- аталған өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн;
- келiсiлген өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Тармақ 3. "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға өзгерiстер енгiзу туралы
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Қ.А. Нүрпейiсовке жүктелсiн.
"Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 33 Нұсқауға өзгерiстер енгiзу туралы
II- бөлiмде:
8-тармақта:
бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан алынған кiрiспен байланысты операцияларды жасау кезiнде сомаларды бекiтумен шетел валютасындағы айырым салық салу мақсатында ескерiледi."
Жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны толтыру және заңды тұлғалардың жүргiзген шегерiмi бойынша Басшылықта:
"8-қосымша. Күмәндi талаптар" бөлiмiнде:
он екiншi бөлiктiң екiншi сөйлемiндегi "қызмет көрсетулер" деген сөзден кейiнгi үтiр алынып тасталсын.