О внесении изменений и дополнений в решение областного Маслихата N 34-192 от 30 мая 2003 года "Об утверждении Правил предоставления социальной помощи малообеспеченным семьям, являющимися получателями государственной адресной социальной помощи, для развития личного подсобного хозяйства" (регистрационный номер 1186 от 06.06.2003 года) Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 30 мамырдағы № 34-192 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (2003 жылдың 6 маусымында 1186 реттік санымен тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Әділет басқармасында 2003 жылдың 6 маусымында 1186 рет саны бойынша тіркеліп, 13 қыркүйек 2003 жылы "Огни Алатау" газетінің 101 санында және "Жетісу" газетінде жарияланған Алматы облысы Мәслихатының 2003 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 34-192 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің аталуындағы және одан әрі мәтін бойынша "жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін" деген сөздер "жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген шешімімен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінде:
Ереженің аталуындағы "жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін" деген сөздер "жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де" деген сөздермен алмастырылсын;
Ереженің кіріспесінде "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылармен" деген сөздерден кейінгі "жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін" деген сөздер "жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де" деген сөздермен алмастырылсын;
1 тараудың 1 тармағындағы "жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін әлеуметтік көмек (ары қарай - әлеуметтік көмек)" деген сөздер "әлеуметтік көмек көрсету" деген сөздермен алмастырылсын, "пайдаланатын" деген сөзден кейін "жеке меншік іс дамытуға, өздерін өздері жұмыспен қамтуға" деген сөздермен толықтырылсын;
1 тараудың 3 тармағындағы "жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін" деген сөздер "әлеуметтік көмекке" деген сөздермен алмастырылсын;
2 тараудың 1 тармағындағы екінші абзац мынадай жаңа редакцияда баяндалсын: "Әлеуметтік көмекті алу мақсаты, алынған қаржының қандай қызметтер түріне нақты жұмсалатыны өтініште көрсетіледі";
2 тараудың 2 тармағындағы "екінші жақтан" деген сөздерден кейін "мал немесе құс сатып алу" деген сөздер "жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендерге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тараудың 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: "Қызметтің түрі анықталғаннан кейін, өтініш иесі құжаттардың толық пакетін тапсырады:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алуға - жер учаскесі бар екендігі туралы анықтама немесе жерді жалға алу туралы шарт.
Тармақша 2
2) халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп (бизнес-жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесін және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысын қосымша тапсырады.
Округтік учаскелік комиссия ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексеруді ұйымдастырады.";
2 тараудың 4 тармағындағы "мал сатып алуға" деген сөздерден кейін "немесе қызметтердің басқа түрлері, ақшалай қаржыны жұмсау міндеттемелері мен есебі болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
3 тараудың 2 тармағындағы "әлеуметтік көмек" деген сөздерден кейін "нысан (№ 3 қосымшаға сәйкес) бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.