О внесении изменений и дополнений в Инструкцию ГНИ МФ N 34 от 27 июня 1995 года "О порядке исчисления и уплаты земельного налога" Күшін жойған
Басқа 0
ҚР БСИ-ның 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 "Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Салық заңдарын жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясының N 34 "Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Нұсқаулығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң бұйрығына 3 беттiк N 1 қосымша қоса тiркеледi.
Салық қызметiнiң 1 дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997 ж._______ бұйрығына
N 1 қосымша
"Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы 34 Нұсқаулығына толықтыру мен өзгерiс
Тармақ 1
1. "Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 34 Нұсқаулықтың кiрiспесi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "1996 жылғы 31 желтоқсандағы 60-1 Заңы" сөзiмен толықтырылсын:
Тармақ 2
2. "Жалпы ережелер" тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығының 8 бабына сәйкес жердi иелену және жердi пайдалану төлемдi болып табылады, бұл жерге мемлекеттiк меншiктi жүзеге асырудың экономикалық нысанын ұстанады егер де өзгесi заңмен көзделмесе.
Жерге төлем жер учаскесiнiң сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етiлуiне байланысты анықталып жер салығы немесе жалға алу
төлемi нысанында алынады.
Тармақ 3
3. 5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мақсатты пайдалануға байланысты Қазақстан Республикасындағы барлық жерлер мынадай топтарға бөлiнедi:
- ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер;
- тұрғын пункттердiң /қалалардың, поселкелердiң және селолық тұрғын пункттердiң/ жерлерi;
- өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
- ерекше қорғалатын табиғат аумағының жерлерi;
- орман қорының жерлерi;
- су қорының жерлерi;
- запастағы жерлер.
Тармақ 4
4. IV тарау 9 тармақ мынадай мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"108, 112 және 114 баптар (сәйкес N 2, N 3 және N 4 қосымшалар) Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын тағайындайтын коэффициент қолданылады".
Тармақ 5
5. 11-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылықпен, бақ өсiрумен бақшалықпен айналысуға және саяжай үйлерiн салуға қосалқы құрылыс салуға арналған жерлердi қоса есептегенде, берiлген жерлер үшiн жер салығын төлеу ставкасы 0,01 гектар жер үшiн 20 теңге көлемiнде тағайындалады.
Тармақ 6
6. 13-тармақтың соңғы сөйлемiнiң "есептесу" сөзi "декларация" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. 14-тармақтағы "есептесу" сөзi "декларация" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 8
8. 33-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауылшаруашылығынан басқа мақсаттағы (шахталарды, карьерлердi қосқанда және олардың санитарлық, техникалық және басқа да зоналармен) елдi мекен аумағында бiрақ селитебтi аумақтан тыс орналасқан жерлерге 112-бапта көрсетiлген (Нұсқаулыққа N 4 қосымша), 70 процентке дейiн азайтылған ставка бойынша салық салынады. Азайтудың нақтылы көлемiн жергiлiктi өкiлеттi органдар тағайындайды".
Тармақ 9
9. VIII бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Айрықша қорғалатын табиғат аумақтарына жер салығы".
Тармақ 10
10. 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Айрықша қорғалатын табиғат аумақтарының жерлерiне мемлекеттiк табиғат, қорықтарының, оған биосфералық қорықтарды қоса, ұлттық табиғат парктерiнiң, дендрологиялық және зоологиялық парктердiң, ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк табиғат заказниктерiнiң, табиғат ескерткiштерiнiң, орман резерваторларының жерлерi жатады.
Бұл жерлердiң құрамына, сондай-ақ айрықша экологиялық ғылыми, эстетикалық, тарихи-мәдени, рекреациондық және емдеу-сауықтыру мақсаттағы табиғат кешендерi мен нысандарының жер учаскелерi енгiзiледi".
Тармақ 11
11. 42-тармақтағы "сауықтыру және рекреациондық мақсаттағы" сөзi "айрықша қорғалатын табиғат аумақтары" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 12
12. 43-тармақтағы "сауықтыру және рекреациондық мақсаттағы" сөзi "айрықша қорғалатын табиғат аумақтары" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 13
13. 60-тармақтағы "сауықтыру және рекреациондық мақсаттағы" сөзi
"айрықша қорғалатын табиғат аумақтары" сөзiмен ауыстырылсын.
Тармақ 14
14. 61-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Елдi мекендердегi жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, пляждар және халықтың қажеттерiн қанағаттандыруға арналған басқа да нысандар орталықтандырылған және орналастыруға арналған жерлер жатады".
Тармақ 15
15. ХIV-бөлiм мынадай мазмұндағы 65-тармақпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша конверсияланатын нысандар орналасқан жерлер".
Төраға,
Салық қызметiнiң 1 дәрежелi
мемлекеттiк кеңесшiсi