О внесении дополнений в Приказ Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан N 348-П от 2 августа 1999 года Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 348-Б бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы" Келісімнің 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 02 тамыздағы N 348-Б бұйрығымен бекітілген "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы" Нұсқаулығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 7-тармақтың бірінші абзацы "үшінші елдерден шыққан" деген сөздерден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 7-тармақтың екінші абзацы "әкелінетін" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.