О внесении дополнений N 35 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 35 толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
"Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
"13.9.274.28 Жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекемелердiң бекiтілген тәртiп бойынша тiркелген келiсiмдi мiндеттемелерi
бойынша кредиторлық берешектi өтеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы
жолдармен толықтырылсын:
"13.9.275 Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкiмшiлiк ету
департаментi
13.9.275.2 Жергілiктi деңгейдегi әкiмшілiк шығыстар
13.9.275.2.3 Жергілiктi органдар аппараты
13.9.275.16 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де тосын шығыстарға арналған
резервi есебiнен iс шаралар өткiзу
13.9.275.22 Ауданның (қаланың) жергiлiктi атқару органының табиғи
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резервi
есебiнен iс шаралар өткiзу
13.9.275.25 Облыстың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқару
органының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
арналған резервi есебiнен iс шаралар өткiзу
13.9.275.30 Астана қаласын дамыту
13.9.275.80 Тұрғын үй салуды несиелендiру
13.9.275.81 Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды несиелендiру
13.9.275.128 Аудандық (қалалық) жергілiктi атқару органының резервi
есебiнен жергiлiктi атқару органдарының сот шешiмi бойынша мiндеттемелерiн
орындау
13.9.275.129 Облыстың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқару
органының резервi есебiнен жергiлiктi атқару органдарының сот шешiмi
бойынша мiндеттемелерiн орындау".
Тармақ 2
2. Ескерту: 2 пункт алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2001 жылғы 27 қаңтардағы N 42 бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Заң қызметі департаменті (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет департаменті
(Е. Бахмутова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.