Об утверждении Изменений и дополнений в Инструкцию N 36 Главной налоговой инспекции Министерства финансов Республики Казахстан "О порядке исчисления и уплаты акцизов" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 27 тамыздағы "Акциздердi төлеу және есептеу тәртiбi туралы" Бас салық инспекциясының N 36 нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Бөлім i. I бөлiм
I бөлiм 1 баптың 2-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын: "Алыс-берiс шикiзаттан өңделген және осы шикiзаттың иесi немесе делдалдық ұйымдар ұйымдар арқылы сыртқа шығарылатын акцизделiнетiн тауарлар акциз төлеуден босатылмайды". 11 баптың 3 тармағындағы "немесе импортқа шығарылатын акцизделiнетiн тауарлар" деген сөздерден кейiн "немесе сатылатын акцизделiнетiн тауарлар, егер осы тауарлардың акциясы Қазақстан Республикасының аумағында төленбесе" сөздермен толықтырылып әрi қарай мәтiн бойынша оқылады. 11 баптың, 4 тармағының, 20 тармақшасы "(мүгедектерге арнап әдейi жасалынған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 22
22 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
Тармақша 22
"22)  өңделмеген мұнай"
Бөлім ii. II бөлiм
II бөлiм
Тармақ 13
13 тармақ алынып тасталсын; 14 және 22 тармақтар сәйкес 13-21 тармақтар болып есептелiнсiн; 14 тармақтағы "шикiзаттан жасалынатын акцизделiнетiн тауарлар" деген сөздер "өңделмеген мұнайдан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 22
22 тармақ мынандай мазмұнда толықтырылсын: Республикасының аумағында шығарылған өңделмеген мұнайды өндiрiстiк өңдеуге тапсырған жағдайда, акциз сол тапсырылған уақытта төленедi. Мұндай жағдайда өңделмеген мұнай бойынша төленген акциз акцизделiнетiн мұнай өнiмдерi төлемдерiн кемiтуге жатқызылмайды. *1997 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi Төраға, Салық қызметiнiң I дәрежедегi Мемлекеттiк кеңесшiсi