О внесении изменений и дополнений в постановление Государственного комитета Республики Казахстан по приватизации N 37 от 7 февраля 1996 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қаулысы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысын iске асыру және аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулысының Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 134 және 1997 жылғы 12 ақпандағы N 79 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бекiтiлген, аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1.1-баптағы 1.1.4-тармағы алынып тасталсын, 1.1.5, 1.1.6, 1.1.7, 1.1.8, 1.1.9, 1.1.10, 1.1.11, 1.1.12, 1.1.13, 1.1.14, 1.1.15-тармақтар тиесiнше 1.1.4, 1.1.5, 1.1.6, 1.1.7, 1.1.8, 1.1.9, 1.1.10, 1.1.11, 1.1.12, 1.1.13, 1.1.14-тармақтары болып саналсын;
Тармақша 2
2) 1.2-бабы мынадай мазмұндағы 1.2.2-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 1.2.2
"1.2.2. АҚ мемлекеттiк акция пакеттерi аукционға бiр лотпен тұтаспай қойылады және оны сату ағылшындық сауда әдiсi бойынша iске асырылады. Мемлекеттiк акция пакеттерiнiң аукционға екiншi және одан кейiнгi шығарылу кезiнде АҚ жарғылық қорынан 10%-тен артық емес лотты құрайтын лотқа бөлiнедi және сату голландтық сауда әдiсi бойынша іске асырылады.
Тармақ 1.2.2
1.2.2., 1.1.3-тармақтары тиесiнше 1.1.3, 1.1.4-тармақтары болып саналсын;
Тармақша 3
3) 3.2-бабындағы: "Аукционшы әр лот бойынша сауда басталар алдында лот бойынша саудаға қатысушылардың санын тiркейдi. Егер лот бойынша саудаға қатысушылардың саны екеуден кем болса сауда жасалмаған болып жарияланады, лот тек жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi саудалардан басқа жағдайларда" сөз алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) 3.3.1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Егер кемi екi қатысушы лоттың бастапқы бағасын бағаны екi қадамнан кем емес артылған жағдайда ғана лот бойынша сауда жасалған болып саналады";
Тармақша 5
5) 3.3.2-тармағы екiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын: "Егер оның өткiзiлу сәтiне дейiн пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, лот тек жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi саудалардан басқа жағдайларда лот бойынша сауда жасалмаған болып саналады". Департамент директоры