О внесении изменений и дополнений в Инструкцию N 39 "О порядке исчисления и уплаты налога на транспортные средства" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 39 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Бұйрығымен бекiтiлген 1 бөлiмнiң 3-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын: "Көлiк құралдарын пайдалану мерзiмiне қарай жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 1 жылдан 3 жылға дейiн пайдалану - 2,0 3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану - 1,5 5 жылдан артық пайдалану - 1,0 (ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарын қоспағанда) ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарына: 5 жылдан 6 жылға дейiн пайдалану - 1,0 6 жылдан артық пайдалану - 0,3 1 жылдан 3 жылға дейiн және 3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану мерзiмiмен берiлетiн жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына келтiрiлген түзету коэффициенттерi ТМД елдерi және басқа мемлекеттер шығарған көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына қолданылады.". II бөлiмнiң 8-тармағындағы "ставкаларды" деген сөзден кейiн "және түзету коэффициенттерiн" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме Кеңесiмен келiсiлген 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама