О внесении дополнений N 39 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 39 толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 840 "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн ақы төлеудiң тәртiбi мен алымдардың ставкалары туралы ереженi бекiту туралы" және 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне:
"104500 Бiрыңғай жер салығы" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"104501 Бiрыңғай жер салығы"
"504100 Мемлекеттiң өзiне тиесiлi халықаралық ұйымдардың акцияларын сатуынан түсетiн түсiмдер" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"04101 Мемлекеттiң өзiне тиесiлi халықаралық ұйымдардың акцияларын сатуынан түсетін түсiмдер";
"505100 Сыртқы несиелендiрудi өтеу" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"505101 Сыртқы несиелендiрудi өтеу";
"602100 Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынатын несиелер" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"602101 Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынатын несиелер";
"602300 Шет мемлекеттерден алынатын несиелер" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"602301 Шет мемлекеттерден алынатын несиелер";
"602400 Шетелдiк коммерциялық банктер мен фирмалардан алынатын несиелер" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"602401 Шетелдiк коммерциялық банктер мен фирмалардан алынатын несиелер";
бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
"1.2.105 Әкiмдер аппараты" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"1.2.105.41 Базарларда тауарларды сату құқығы үшiн алымды өндiрiп алуды қамтамасыз ету";
"4.6.612.9.91 Ел iшiндегi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"4.6.612.9.92 Ел iшiндегi жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету";
"4.6.612.50.33 2000/2001 оқу жылына қабылдау шеңберiнде мемлекеттiк гранттар бойынша оқитын студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
"4.6.612.50.91 Ел iшiндегi жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау
4.6.612.50.92 Ел iшiндегi жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi
стипендиямен қамтамасыз ету";
"15.1.120.18 Республикалық бюджеттен берiлетiн трансферттер" деген
жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"15.1.120.18.30 Қызылорда облысының әлеуметтiк инфрақұрылымын дамыту".
Тармақ 2
2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова)
департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.