О внесении дополнения N 4 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 3 "Об утверждении Единой бюджетной классификации Республики Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 4 толықтыру енгізу туралы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 бұйрығына қосымша Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекiту бойынша бұйрық тізбесі 35. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37 (тіркелген N 2101) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 4 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы... ------------------------------------- "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 122 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қарашадағы N 1247 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджеттік шығыстардың функционалдық сыныптамасында: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бағдарлама әкімшісі бойынша 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 061-кіші бағдарламасымен толықтырылсын: "061 Шымкент-Түркістан участкесінде Самара-Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту".
Тармақ 2
2. Бюджеттік саясаты және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 25 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.