Изменения и дополнения к Инструкции N 40 "О порядке исчисления и уплаты подоходного налога с физических лиц" в соответствии с Законами Республики Казахстан от 28 февраля 1997 г. N 76-1, от 11 апреля 1997 г. N 92-1, от 27 мая 1997 г. N 114-1, от 9 июня 1997 г. N 116-1, от 19 июня 1997 г. N 134-1, от 2 июля 1997 г. N 144-1 и от 11 июля 1997г. N 154-1 "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 24 апреля 1995 г. N 2235 "О налогах и других обя Күшін жойған
Басқа 0
Өзгерiстер мен толықтырулар
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
1. I тарауда 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 5
"5. Жеке тұлғаны табыс салығынан босату немесе салықтың ставкасын бекiту тек Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жоғарыда аталған Жарлыққа және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңға сәйкес жасалған келiсiм-шарты негiзiнде жүргiзiледi. "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi беретiн жеңiлдiктердi есептемегенде, басқа актiлермен салықтық жеңiлдiктер, оның iшiнде дербес сипаттағы жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. III тарауда:
12-тармақта:
- "а" тармақшасы мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын;
"Ескерту: Зейнеткерлiк төлемдер түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтау зейнеткерлiк қорынан төленетiн төлемдер жатады".
14-тармақтағы "е" тармақшасында екiншi абзацтағы "мемлекеттiк зейнетақыға қосымша төлем" деген сөздер алып тасталсын.
15-тармақта:
- "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) сыйақы (мүдделер) түрiнде жеке тұлғаларға берiлген кiрiстер. Мұның берiлген қарыздар үшiн сыйақы (мүдде) болуы мүмкiн;
- "д" тармақшасында "ақшалай қаржылар" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын.
- "м" тармақшасы "мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
17-тармақта:
"б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) төлем кезiнде салық салынатын, жеке тұлғалардан алынатын ұтыстар".
Тармақ 3
3. IV тарауда:
- 18-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру және арнаулы қорларға аударылатын" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтық зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар мен аударымдар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.
- 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 20
"20. Алынған несиелер (қарыздар) үшiн сыйақы (мүдде) теңгемен берiлген несие (қарыз) бойынша аталған ставканың 50 процентiне көбейтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген, және шетелдiк валютамен берiлген несие (қарыз) бойынша 50 процентке көбейтiлген Лондон халықаралық рыногының ставкасы бойынша есептелген соманың шегiнде шегеруге жатады".
- 37-тармақтан соң мынадай мазмұндағы "37а" тармағы енгiзiлсiн:
"37а. Жеке тұлға зейнеткерлiк қамтамасыз ету туралы заңдарда белгiленген мөлшерде жинақтық зейнеткерлiк қорларына мiндеттi зейнеткерлiк жарналар жөнiнде шегерiм жасауға құқы бар."
Тармақ 4
4. V тарау:
- 46а тармағы "мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
- 47 тармақтың 1) тармақшасында "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. VI тараудағы 49 тармағында:
- "г" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г" зейнетақылар, стипендия, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша және жасына қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемдер төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi, сондай-ақ өзге де жәрдемақылар мен төлемдер, екiқабаттығы және бала туғандығы бойынша, мертiгуi және денсаулығына басқа да нұқсан келуi салдарынан еңбек ету қабiлетiнен жоғалтуына және асыраушысынан айырылуына байланысты;
- "ж" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi сыйақы (мүдде)";
- мынадай мазмұндағы "и" тармақшасымен толықтырылсын:
"и) банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардағы салымдар жөнiндегi сыйақы (мүдде), сондай-ақ
мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстар";
- мынадай мазмұндағы "к" тармақшасымен толықтырылсын:
"к) салық төлеушiнiң (жеке тұлғаның) жиынтық жылдық табысы
мемлекеттiк емес жинақтау қорларына төлейтiн айына он айлық есептiк
көрсеткiшiнен аспайтын мөлшердегi ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына
кемiтiледi";
- мынадай мазмұндағы "л" тармақшасымен толықтырылсын:
"л) дербес кәсiпкердiң жеке тұлғалар үшiн заңда белгiленген
кәсiпкерлiк әрекетiмен айналысуынан алынған, табыс (Қазақстан
Республикасындағы төлем көзiнен салық алуға жататын табыстардан басқа)".
IХ тарауда:
68-тармақта:
"д" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа ұтыстар".
71-тармақта:
- "табыс" деген сөзден соң "және табыстар мен мүлiк туралы
мәлiметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
- "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б" тұрғын үй құрылысын және осындай құрылысқа арналған көп құрылыс
материалдарын сатып алуды қоспағанда, жалпы сомасы жылына 1000 айлық
есептiк көрсеткiштен асатын құрылыс салушылар мен көп мөлшерде сатып
алушылар.
- "в" тармақшасында "ақшалай жылдар" деген сөздер "ақша" деген сөзбен
ауыстырылсын.