О внесении дополнения и изменения N 40 в приказы Министерства финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 и от 29 декабря 2000 года N 580 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30 желтоқсандағы N 715 және 29 желтоқсандағы N 580 бұйрықтарына N 40 толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне: "13.9.275.30 Астана қаласын дамыту" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын: "13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу 13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру объектілерін салу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру 13.9.275.30.32 Жобалау-іздестіру жұмыстары және алдағы жылдар бағдарламалары".
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 580 "Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 35 толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына: 2 пункт алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.