О внесении изменений и дополнения N 41 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 41 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы", 1993 жылғы 22 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы Сәулет және қала құрылысы туралы", 2000 жылғы 22 желтоқсандағы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы" заңдарына және 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
16 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"16 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар өткізу";
"8.1.263.47 Тарихи-мемориалдық кешеннің аумағын көркейту" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"8.1.263.47 Жергілікті маңызды тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу-қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу және аумағын көркейту";
"11.2.273.48 Жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"11.2.273.49 Елді мекендерде құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу";
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру объектілерін салу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу және қайта құру
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру объектілерін салу, қайта құру және күрделі жөндеу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру".
Тармақ 2
2. Ескерту: 2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 259 бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 2 тармақтан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.