О внесении изменений N 42 в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30 желтоқсан 1999 жылғы N 715 бұйрығына N 42 өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30 желтоқсан 1999 жылғы N 715 "Бірыңғай бюджет жіктемесін бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде: бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесінде: "1.1.120.126 Құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыруға арналған жарналар" келесі редакцияда жазылсын: "1.1.120.126 Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жеке мемлекеттік міндетті сақтандыру жарналары"; "1.1.130.134 Жұмсақ мүкәммал мен киім-кешек сатып алу" жолы келесі редакцияда жазылсын: "1.1.130.134 Заттық мүліктік және басқа да формалық және арнаулы мүкәммалар заттарын сатып алу және тігу"; "1.1.130.139 Тауарларды сатып алуға арналған басқадай шығындар" жолы келесі редакцияда жазылсын: "1.1.130.139 Басқада тауарларды сатып алу"; "1.1.140.146 Ғимараттарды ұстауға қызмет көрсетуді төлеу" жолы келесі редакцияда жазылсын: "1.1.140.146 Ғимараттарды, үй-жайларды, құрал-саймандарды және басқада негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету және ағымды жөндеу"; "1.3.340.342 Жоғарғы деңгейге ағымдағы трансферттер" жолы келесі редакцияда жазылсын: "1.3.340.342 Бюджеттік алымдар"; "2.4.410.411 Негізгі құралдарды сатып алу" жолы келесі редакцияда жазылсын: "2.4.410.411 Активтерді сатып алу"; "2.4.430.431 Ғимараттарды, құрылымдарды, негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізу" жолы келесі редакцияда жазылсын: "2.4.430.431 Ғимараттарды, құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізу"; "3.5.540 Ішкі акционерлік капиталдағы үлестік қатынас" жолы келесі редакцияда жазылсын: "Заңды тұлғаның акционерлік капиталына инвестицияны білдіретін басқару органдарының төлемдері"; "4.6.610.612 Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік құнды қағаздарды өтеу" жолы келесі редакцияда жазылсын: "4.6.610.612 Ішкі нарықта орналастырылған мемлекеттік құнды қағаздар бойынша қарыздарды өтеу";
Тармақ 2
2. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап экономикалық жіктемесінің келесі ерекшеліктері бойынша шығыстар жүргізілмейді деп белгіленсін: "114 Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары"; "133 Ағымдағы шаруашылық мақсатында материалдар мен заттарды сатып алу"; "147 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалану"; "151 Инвентарь мен құрылымдарды ұстау және ағымдағы жөндеу"; "152 Ғимараттарды, үй-жайларды, құрылымдарды ағымдағы жөндеу"; "162 Қаржы мекемелерімен көрсетілген қызметтер"; "339 Басқа да ағымдағы трансферттер"; "419 Басқа да активтерді сатып алу"; "429 Басқа да күрделі активтерді құру"; "439 Басқа да жөндеу"; "462 Қаржы мекемелеріне капиталдық трансферттер".
Тармақ 3
3. Заң қызметі департаменті (Әбдіқалықов. Қ) және Бюджет департаменті (Бахмутова. Е) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және есеп кезеңіндегі аяқтаушы операцияларға қолданылмайды.