О внесении изменения и дополнений N 42а в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 42а өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Z960019_ , 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Z990389_ Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 ақпандағы N 279 P010279_ "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің N 4467 KZ заемын (Құқықтық реформаның жобасы) іске асыру салаларын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әділет министрлігі арасында бөлу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715Ғ V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
"1.2.259.32 Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"1.2.259.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"1.2.260.30 Қолма-қол ақшасыз және клирингтік есеп айырысу жүйесін дамыту" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"1.2.260.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"2.2.105.32.35 Төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2.2.105.32.35 Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі шаралар";
"3.1.251.36 Елді мекендердегі жол қозғалысын реттеу құралдарын және жабдықтарын пайдалану" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"3.1.251.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
3.3.501.32.32 Аудандық соттар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
"3.3.501.39 Құқықтық реформа
3.3.501.39.80 Сыртқы заемдар есебінен жобаны іске асыру";
"5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелерінің экономикалық және клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске қосу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"5.9.254.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"6.2.105 Әкімдер аппараты" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
"6.2.105.33 Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау
6.2.105.33.30 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша таксиден басқа қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру";
"6.9.258.60.30 Анықталған тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталықтары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"6.9.258.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"8.3.261.30.30 Архивтер" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"8.3.261.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"10.9.257.31 Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетинг жүйесін дамыту" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"10.9.257.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"13.9.263.34.32 Туризм және спорт ұйымдарының орталықтандырылған бухгалтериясы" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"13.9.263.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материал-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"13.9.272.28 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бекітілген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"13.9.272.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"13.9.273.31 Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі жөндеу"деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"13.9.273.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"13.9.274.28 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бекітілген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"13.9.274.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру";
"13.9.275.30.32 Жобалау-іздестіру жұмыстары және алдағы жылдар бағдарламалары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен
толықтырылсын:
"13.9.275.70 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы
органдардың материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру".
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова)
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.