О реализации Закона Республики Казахстан N 429-1 ЗРК от 16 июля 1999 года "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" Күшін жойған
Басқа 0
"Этил спирті мен алкоголді өнімдерді өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429-1 ЗРҚ Заңын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
"Этил спиртi мен алкоголдi өнiмдердi өндiру мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429-1 ЗРК Заңына сәйкес:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) үш күндiк мерзiм iшiнде алкоголдi өнiммен (сырадан басқа) бөлшек
сауда жасау үшiн лицензиялар беру жөнiнде уәкiлдiк органдарды
(лицензиарларды) белгiлесiн;
Тармақша 2
2) алкоголдi iшiмдiктермен бөлшек сауда жасаудың тәртiбiн сақтауға
бақылау жасау қамтамасыз етiлсiн;
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.) алкоголдi өнiммен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларды тек лицензиялары болғанда ғана тiркеудi жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Алкоголдi өнiмдердi өндiру мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң Шығыс Қазақстан аумақтық басқармасы (әлiмжанов Е.К.) және Шығыс Қазақстан облысының сауда және қызмет көрсету департаментi (Шәкенов М.Ш.) облыс аумағында алкоголдi өнiммен (сырадан басқа) бөлшек
сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттарын сақтауға бақылау
жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.