О внесении дополнений N 43 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 43 толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне: бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне: "1.1.103.30 Депутаттық қызмет" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "1.1.103.31 Мәслихат аппаратының материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру"; "1.1.105.23 Өкілеттік шығыстарға арналған қаражат есебінен іс-шараларды өткізу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "1.1.105.74 Әкімшілік аппаратының материалды-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру"; "5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелердің экономикалық және клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске қосу" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "5.9.254.55. Коммуналдық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу".
Тармақ 2
2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.