О внесении дополнений N 45 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста
Басқа 0
Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 45 толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 375 P010375_ "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне 2001 жылғы көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету жөнiндегi шаралар туралы" және 2001 жылғы 10 сәуiрдегi N 485 P010485_ "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржы бөлу туралы" қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
"10.1.257.33 Өсiмдiк шаруашылығында тұқымдық репродукторларды қолдау" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"10.1.257.34 Тұқымдық астық сатып алу бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау";
"10.1.257.82 Ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
"10.1.257.83 2001 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзуге ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру".
Тармақ 2
2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов)
департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.