О внесении изменений в Постановление Акимата N 4/520 от 8 августа 2002 года "О кредитовании субъектов малого предпринимательства из средств городского бюджета" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қалалық Әкімшілігінің 20002 жылғы 8 тамыздағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қалалық бюджеттің қаражаттарынан несие беру туралы" N 4/520 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 11.11.2004 N 4/926 қаулысымен. Шағын бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі "Мемлекеттің бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджеттің орындалуы және есеп берушіліктің (жүйелі және жылдық) түрлерін жүргізу бойынша қаржылық тәртіптер жиынтығының Ережесін бекіту туралы" N 832 Қаулысына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Алматы қалалық Әкімшілігінің 2002 жылғы 8 тамыздағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қалалық бюджеттің қаражаттарынан несие беру туралы" N 4/520 қаулысына (2001 жылғы 29 тамызда N 385 реестрінде тіркелген, "Алматы ақшамы","Вечерняя Алматы" газеттерінде жарияланған)келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулының 1-тармағының 4-тармақшасы келесі редакцияда берілсін: "түпкі заемшыға арналған бюджеттік несиенің шекті мөлшері 4 (төрт) миллион теңге";
Тармақша 2
2) N 1 қосымша келесі редакциядағы 17-тармақпен толықтырылсын: "Сауда қызметін жасайтын заңды және жеке тұлғалар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары".
Тармақ 2
2. Алматы қалалық Әкімшілігінің 2002 жылғы 1 қарашадағы N 5/708 қаулысының күші жойылды деп саналсын.