Об исполнении постановления Правительства Республики Казахстан N 457 от 22.04.99 г. Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі N 457 қаулысын орындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 457  қаулысын  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының базарларындағы тауарларды (жұмыстар, қызметтер) өткізу құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі және жиымдарының ставкалары туралы ережелерді бекіту туралы" N 840  қаулысын  орындау үшін Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қалалық Салық комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі N 457 Қаулысына сәйкес базарларда тауарларды сату құқығы үшін жиымдардың толық жиналуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2.  <*> 📌 Ескерту. 2 тармақтың күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 3/494 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 17 қазандағы "Алматы қаласы Әкімінің "Алматы қаласының базарларында тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сату құқығы үшін жиындардың ставкаларын енгізу туралы" N 992 шешімінің күшін жою туралы" N 1025 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 4. Алматы қаласы базарларының дәрежелері
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін. Алматы қаласының Әкімі Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 7 мамырдағы N 421 шешіміне N 1 қосымша Алматы қаласы базарларының дәрежелері 1 дәрежесі           - 10001 ш.м. және одан көп (1 га және одан көп) 2 дәрежесі           - 5001 ш.м.-ден 10000 ш.м.-ге дейін 3 дәрежесі           - 5000 ш.м.-ге дейін Алқа хатшысы