О внесении изменений и дополнений N 46 в Единую бюджетную классификацию Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 46 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне: бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiне: "205109 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "205110 Жергiлiктi бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер"; "205109 Салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "205109 Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын өзге де түсiмдер"; "409902 Күрделi" деген жолдан кейiн мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын: "409903 Жергiлiктi бюджетке берiлетiн ағымдағы трансферттер 409904 Жергілiктi бюджетке берiлетiн күрделi трансферттер"; "409901 Ағымдағы 409902 Күрделi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "409901 Республикалық бюджетке берiлетiн ағымдағы трансферттер 409902 Республикалық бюджетке берiлетiн күрделi трансферттер".
Тармақ 2
2. Заң қызметi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттерi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.